Тіл - тас жарады...

Балаларын қазақша тәрбиелей алмаған кісілерді ұлттың зиялысы деп айтуға бола ма?

  • Балаларын қазақша тәрбиелей алмаған кісілерді ұлттың зиялысы деп айтуға бола ма?

    Балаларын қазақша тәрбиелей алмаған кісілерді ұлттың зиялысы деп айтуға бола ма?

Жалпы зиялы дегеніміз ұлттың қаймағы, ұлттың бағдары, қазынасы, тәрбиешісі десе де болады.
Баяғыдан атамыз қазақ сөз ұстаған би шешендерін, қаракөктерін, тектілерін, игі жақсыларын зиялымыз деп басына көтерген. Сөздеріне бір кісідей ұйып, айтқандарынан шықпайды екен. Бағдар көрген, шамшырақ қылған екен.

Ал енді біздің Совет заманындағы зиялы - ақын - жазушыларымыздың бүгінгі балалары ана тілдерін білмейді.
Әрең сөйлейді, бұлардың бұндай тіл қабілеттерімен әке - аталарының халқына арнап жазған дүниелерін түпнұсқадан түсініп оқи алатынына күмәнім бар. Ол жайлы айту артық. Тек атағына ғана сырттай семірмесе...

Ең сорақысы, бұлардың арасында тіпті әнебір апаларымыздай ана тілінде сөйлейтін бауырларын іштей ұнатпайтындары да бар.

Мен ойлана келе осы сұраққа ақыры жауап таппадым;

Совет заманында балаларын жаппай орыс мектебіне беріп осындай ұрпақ тәрбиелеп шыққан, ұлт тәрбиешісі тұрмақ, үйіндегі балаларын да қазақша тәрбиелей алмаған кісілерді, ақын - жазушы, өнер адамдарын, бүгінде ұлттың зиялысы деп айтуға бола ма?
Егер оларды зиялы деп атауға болмаса, оларды несіне басымызға көтереміз?

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2665    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31