Тіл - тас жарады...

Баланы "сыныбыңдағы мықты адамның баласымен дос бол" деп тəрбиелемеуіміз керек

  • Баланы

    Баланы "сыныбыңдағы мықты адамның баласымен дос бол" деп тəрбиелемеуіміз керек

Тəуелсіздіктен кейін елде дағдарыс боп, халық өлместің күнін кешіп жатқан уақыт. Колхоз бастық ауысты. Ол кезде баламын ғой. Бірақ бəрі бүгінгідей есімде. Колхоз бастықты ауылдың атқа мінерлерінің бəрі қой сойып, кезек-кезек тамаққа шақырып, күтті. Себебі, колхоздың шенеуніктері қызметін сақтап қалу керек еді, болмаса, қызметте көтерілу керек. Əкемнің ағасы да жақсы қызметте еді. Ол кісі де қой сойып, бастықты нөкерлерімен шақырды. Əкемнің ағасы болған соң, өтірік мақтағаным емес, ол кісіні "жұмысын адал істейді" деп ауыл халқы мақтайтын. Мінезі тік еді. Марқұм болған ол кісіні қазір де "адал кісі еді" деп айтатындар аз емес.

Не керек, қонаққа келген колхоз бастық пен нөкерлерін есіктен сығалап көріп едім. Бəрі жағынып, мақтап жатты. Сылқым, əртіс əйелі төрде қасын керіп отырды. Ол кісі бірінші əйелімен ажырасып, театрдың əртісіне үйленіп еді. Бастық түгілі, əйеліне жағынатын, "бастықтың əйелі" деп шашбауын көтеретін нөкерлері аз емес еді.

Əкем сол бастықты ұнатпады. Ауылдың белсенді адамдарымен қосылып, "Бұл адам бастық бола алмайды. Ертең колхоздың мүлкін талан-таражға салады" деп күресті. Не керек, атамның екі баласының бірі билікте, бірі оппозицияда болды. :) Соңында əкемдердің айтқаны келді. Өз ісінің маманы емес жағымпаздар қызмет алды. Бастық колхоздың дүниесін талан-таражға сап, білгенін істеп, соңы сотталып кетейін деп əзер қалды.

Əлгі бастықтың бірінші əйелінен туған қызы менімен бір сыныпта оқыды. Сабақты жақсы оқымайтын сол қыз бірден "жұлдызға" айналып кетті. :) Шыны керек, кейбір мұғалімдер сол қаршадай қызға жағынып сөйлейтін жəне анық байқалып тұратын. Бағасын да бірден көтеріп тастады. Сол қыз "мен бастықтың қызымын" деп мұрнын көкке көтеріп жүрді. Жыныма тигенде бастықтың қызы екеніне қарамай көкірегін басып тұратынмын. :) :) :) Жуас, үнемі мұрны ағып жүретін, балалар "мұрынбоқ" деп мазақтайтын қыздың мінезінің қалай өзгергенін, айналасындағы шашбауын көтеріп жүрген қыздарға, тіпті мұғалімдерге діңкілдеп сөйлейтінін түсіндіре алмаймын. Сол қызды жағалайтын, сонымен дос болғысы келетін қыздар көбейді. Сол қыздар өмірге бастықтың қызына бағыну үшін келгендей жағынып сөйлейтін. Кіп-кішкентай, бесіктен белі шықпаған сол қыздардың бастықтың қызына жағынуды қайдан үйренгенін білмеймін. Үйлерінде бастық туралы əңгіме болатын болып тұр ғой. Сөз аңдып отыратын адамдарға ескерту: мақсатым сыныптасымды жамандау емес, біздегі психологияны нақты мысалмен айту. Сосын "Біздің ауылда мұндай болмаған" деп аспаннан салбырап түсетін "данышпандар" сендердің ауылдарыңда тек қана періште адамдар тұратын шығар, бірақ жүздеріңнен, күнделікті өмірде сөйлеген сөздеріңнен жасандылық, жағымпаздық есіп тұратынын ескертем. :) Мұндай нəрсе біздің елде аз болмаған, қазір де аз емес.

Кішкентай билік қолына тиген адамдар осылай өзгерсе, үлкен билік қолына тиген адамдарды... білмеймін. Айтпағым, билік өзгеру үшін алдымен біз, халық өзгеруіміз керек. Баланы "сыныбыңдағы мықты адамның баласымен дос бол" деп тəрбиелемеуіміз керек. Баланың ой еркіндігін шектемеу керек. Əйтпесе бүгін де мықтының балаларының алдында төмендеп, жағынып тұратын жастарды əр ауылдан, қаладан табуға болады. Біз өзгермей, билік өзгермейді. Билік білгенін істеп жатса, қоғамда жағымпаз, жалтақ адамдар аз емес.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1751    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 15:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30