Басшылар үкіметтің ақшасын әкесінен қалған малдай тықпыштап жүргенде, талантты жастардан айрыламыз-ау
Достығымдағы журналистер, мына мәселені көтерсеңіздер жақсы болар еді? Осы тұрғанда екі театрдың директірлерімен шамалы нетіп қалып отырмын. Сол, баяғы жас драматургтердің пьесасын сатып алыңдар дейм де?! Қолдарын төбесіне қойып безілдейді. Жас драматургтердің пьесаларын театрлардың сатып алмауы осы қарқынмен кете берсе, жақын арада қазақ драматургиясы құлайды. Өйткені, миын жарып жазған пьесасын еш театр сатып алмаса, қажетсінбейтін дүниеге қашанғы күш жұмсасын?! Пьесаңа рақмет" деп, шетінен киноға кетіп қалса таңқалмаймын. Мәдениет министрлігі жас драматургтерге арнап қаламақы қорын ашпаса, арысы жиырма жылда қазақ драматургі қалмайды! Жүреді сосын, жат елдің драматургиясын кеміріп. Бізде близоруксоть шкаладан асып кеткен. Аяғының астынан басқаны көрмейді. Әжептеуір қаламы қарымды жастар бар. Әй, құдай-ай, театр басшылары үкіметтің ақшасын әкесінен қалған малдай тықпыштап жүргенде, талантты жастардан айрыламыз-ау, ә? Жас драматургтерді қорғаштаймын деп-ақ қажыдым. Тіптен, тапа бір өзіме сұрап жатқандай жеккөретіндерін қайтерсің? "Асықпа, директірліктен кеткенде сен де ешкімге керек болмай қаласың?" дееееп, іштей кіжінумен отырған сол?
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан