Тіл - тас жарады...

Бауырын өлтірген жігітпен неке түнін өткізген қазақ қызын елестетіп көріңіз...

  • Бауырын өлтірген жігітпен неке түнін өткізген қазақ қызын елестетіп көріңіз...

    Бауырын өлтірген жігітпен неке түнін өткізген қазақ қызын елестетіп көріңіз...

Өзге мәдениетке жөнсіз еліктеудің Театр әлеміне зияны мол деп санаймын. Әсіресе, драматургиялық таңдауда. Жақында: "Не дейсің, А.Лоренстің "Ветсайд тарихы" деген керемет заманауи Ромео-Джульеттасын театрлар қойып жатыр екен ?!"- деген соң, шарқ ұрып пьесаны іздейін. Көптің көмегімен таптым. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарындағы американдық келімсек нәсілдер мен жергіліктілер арасындағы қақтығыс жайында. Көше кейіпкерлерінің қақтығыс кезіндегі берекетсіз сөздері... Бас кейіпкері Мария мен жергілікті Тони арасындағы махаббат. Қысқасы, Тони, абайсызда Марияның ағасын өлтіріп алады. Қан-қан көйлегімен пышағы қолында жігіт, Марияға түнделете келеді. Айтады. Мария өкіне жылайды. Екеуі алғашқы неке түнін өткізеді. Таңмен қаладан қашуға уәделеседі. Уәделі уақытты ағасының достары аңдып тұрады. Мариямен кездескен Тониді өлтіреді. Мәрия көз жасы көл боп, жігіттің үстіне құлайды. Енді кеп көз алдарыңызға бауырының қаны жұққан көйлектегі жігітімен неке түнін өткізген қазақ қызын елестетіп көріңіз. Ол аздай, ағасын жерге беруге мұршасы келмей, жігітімен қашпақ. Соңынан ерген үкілі қарындасқа қарағанда көшедегі достары адал боп тұр. Бүгінгідей әлеуметтік желіні жаулаған жаһанданудың азғын тәрбиесіне жалманып жатқан жастарға мынадай дүние қандай тәлім-тәрбие бермек? Қоюға құлшынған режиссер осы жағына мән берсе шіркін?!.


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5800    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31