Базарды аралап көрген соң, патриотизмді бір жеріме тығып қойдым

30 маусым 2022, 18:05

Құрылыс базарына барып барынша отандық өнімді аламын деген ойда болғанмын. Кафель - Өзбекстан, Қырғызстан, ресей. Ламинат - ресей, Түркия. Ванна, әжетхана, қол жуатын астау - Өзбекстан, ресей. Тұсқағаз - ресей, Қытай.

 

Есік - ресей, Беларусь, Қытай. Электр жабдықтары - ресей, Қытай. Жалпы тізім осылай жалғаса береді.

 

Базардан Өзбекстанның дайын өнімдерін көп байқадым. Сатушылар да өзбектің тауары көбейгенін айтып жатыр.

 

Айтайын дегенім, отандық өнімді іздесем құрылысты бітіре алмайтын сияқтымын. Базарды аралап көрген соң, патриотизмді бір жеріме тығып қойдым.

 

 

Мәди Сырымбет

Фейсбуктегі парақшасынан