Тіл - тас жарады...

Билігі халқының алдындағы, халқы отан алдындағы жауапкершілікті сезбеген мемлекет қалай гүлденбек?

  • Билігі халқының алдындағы, халқы отан алдындағы жауапкершілікті сезбеген мемлекет қалай гүлденбек?

    Билігі халқының алдындағы, халқы отан алдындағы жауапкершілікті сезбеген мемлекет қалай гүлденбек?

КІМ КІМГЕ МАСЫЛ?


Кеше Күлғайша деген бір əйелмен таныстым. Тағдыры өте ауыр. Айтып отырса, бір кітапқа жүк боларлық.
Қырқынан шыққаннан кейін некесіз күйеуден туған қызын анасы əжесіне бере салыпты. Бала керек жоқ деп. Үш жасқа толғанда əжесі қайтыс болып, мұны балалар үйіне өткізген көрінеді. Жетімдер үйінде мейірім көрмей, тапшылықта, қатарларымен алысып-жұлыса жүріп өскен. Анша-мұншаға жанашырлық таныта бермейтін қатыгездеу екені байқалады. Өмір оны тапқанын тығып ұстап, там-тұмдап жарататын, тіпті өзіне де мырзалық таныта қоймайтын қытымырлыққа тəрбиелеген. Ешкімнен жылулық күтпейді. Өз күшіне ғана үміт артады. Тəуекелшіл. Онжылдық мектепті бітіргеннен кейін оқуын жалғастыруға жағдайы болмаған. Содан кейін аштан өліп қалмай өмір сүру үшін сұрапыл арпалысты бастан кешіпті. Көрмегені жоқ. Жығылған, сүрінген. Адамдар озбырлығынан жапа шеккен сайын ширыққан, шираған. Қапыда қан жалаған тұмсығын жеңінің ұшымен сүрте жүріп, қайта тұруды үйренген. Үнемі ышқына алға ұмтылумен күндері өткен. Алдына келгенді тістеген, артына келгенді тепкен. Діттеген жеріне жеткен.

Астанада үлескерлік арқылы алған екі бөлмелік екі үйі бар екен. Алматыда да бірнеше үйі бар көрінеді. Бəрін жалға берем дейді. Бұрын үй алып-сатумен айналысыпты. Қазір мұны тоқтаттым, тиімсіз, халықта ақша жоқ дейді. Оның үстіне жылына бірнеше үй сатылмаса, 1-2 үйден түскен пайда жұғын болмайды екен. Бірде, бір жылда бес үй сатып салық органына ұсталып қалып, 1,5 мың доллар айыппұл төлеп, таныстарын салып жатып зорға құтылыпты. Содан кейін айлаға көштім, жылына бір ғана үй сатам да, қалғанын жалға беріп қойып, ақшаны шытырлатып санап отыра беретін болдым дейді. Үй сатып үйренгені соншалық, өзі тұрып жатқан үйіне алушы шықса, оны да сата салып, арзандау бір үйге көшіп кетеді екен. Оған жөндеу жүргізіп, тағы сатып жібереді. Сөйтіп ең ұзақ дегенде екі жылда, əйтпесе жыл сайын көшіп жүреді. Көшуге əбден көндігіп алдық, көшпенді халықтың ұрпағымыз ғой деп күліп қояды. Сөйтіп жүріп балаларын да үйлі-жайлы қылыпты. Қазір шалы екеуі ғана тұрады. Көп қиналмайды, жиһазымен үйді сата салады да, азын-аулақ киім-кешегін жинай салып, басқа бір үйге барып тұра береді.
Кəсібің заңдастырылған ба, мемлекетке салық төлейтін боларсың деп сұрамаймын ба. Тапқан екенсің ақымақты дейді ол. Мемлекеттің маған несі өте кетіпті? Бабалар мұраға қалдырған жерде өмір сүріп, Құдайдың ауасын жұтып жатқаным үшін төлеймін бе салықты? Ел мен жерді қорғайтын балаларды өзім таптым, өзім бақтым, əскерге жібердім, оқыттым, үйлі-жайлы еттім. Мемлекеттен бір тиын жəрдем алған емеспін. Енді солар мемлекетке салық төлеп жұмыс істеп жатыр. Сол үшін қайта мемлекет маған рақмет айтсын дейді əлгі əйел.
Мықтылығына қайран қалдым! Бірақ ұстанымына риза бола қоймағанымды білдірдім. Ол маған өз аргументін көлденең тартты.
Сиыр бақсаң да өз күніңді өзің көр, масыл болма деп отырған жоқ па мемлекет. Міне, мен мемлекетке масыл болмай өз күнімді өзім көріп жатырмын. Сонда өзіңіз айтыңызшы, кім кімге масыл? Мемлекетке алақан жаймай, күнімді көріп жатқан мен масылмын ба, жоқ болмаса менің əр тапқан табысымның бір бөлігін жырып алатын мемлекет масыл ма, дейді ол.
PS: Билігі халқының алдындағы, халқы отан алдындағы жауапкершілікті сезбеген мемлекет қалай гүлденбек?
Таразы басы тең болғанда ғана əділдік үстемдік орнаған өркениетті қоғам дамымай ма?

 

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1916    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.08.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31