Тіл - тас жарады...

Билікті төңкеріп тастаумен іс бітпейді екен...

  • Билікті төңкеріп тастаумен іс бітпейді екен...

    Билікті төңкеріп тастаумен іс бітпейді екен...

ҚЫРҒЫЗ ҚАЗАҚҚА МЫСАЛ БОЛА АЛМАЙДЫ...


Бірнеше күннен бері Қырғызстандағы кезекті революцияны тікелей эфир арқылы бақылап отырмын. 6 сағатта-ақ билікті төңкеріп тастаған көтерілісшілерге қарап, "қырғыз мықты ұлт" деп жатқандар жетерлік. Бұл көтерілісшілердің мығымдығы емес, керісінше биліктің әлсіздігін көрсетсе керек. Рас, сайлауды әділетсіз өткізудің соңы мемлекетте хаостық жағдай туғызды. Сайлаудағы әділетсіздікке қарсы алаңға шыққан көпшілік Жиенбековтің билігі осылай оп-оңай тоңқалаң асарын ойлаған да жоқ. Бірақ болары болды...
Абақтыға тоғытылған саяси тұтқындардың бірнешесі бостандық алды.
Түрмеден шыға сала Садыр Жапаров 67 депутаттың даусын алғанын айтып, өз-өзін мизамды (заңды) Үкіметбасы етіп жариялады. Оның қарсыластары "Жоғарғы сот Жапаровты әлі ақтаған жоқ. Сондықтан оның Үкіметбасы болуға хақы жоқ" деп байбалам салуда.
Бір кездері Атамбаевты келіссөздер арқылы тұтқындаған "батыр" Құрсанов та өзін-өзі тағайындау жолымен ішкі істер министрі болып алған еді, бүгін бұ қызметтен кетті.
Кеше ғана "Премьер-министр болам" деп шапқылап жүрген отызға да толмаған Тілек Тоқтағазиев орнын Бабановқа босатып беріп, вицелікке қанағат ететінін айтып жатыр (Бүгін митингіде басына тас тиіп, ауыр жараланғаны белгілі болды). "Бабановты Назарбаев қабылдап қойды" деп ертоқымын бауырына алып тулаған Атамбаев қазір Бабановпен "ауызжаласып" жатад...
Ресми Бішкекті былай қойып, тіпті айылдық үкіметтерді басып алып жатқандар да аз емес.
Қазіргі Қырғызстандағы қызмет талас билікті төңкеріп тастаудан да қиын болып тұр.
Саяси серкелер бір-бірін мойындамайды. Сансыз жиындар, сансыз митингілерден нәтиже жоқ. Әркім көрпені өзіне тартып, бар болғаны екі-үш айлық уақытша билік үшін жанталасып жатыр.
Шынын айту керек, билікті төңкеріп тастаумен іс бітпейді екен. Қай саяси топ болсын мемлекет тізгінін заңды жолмен қолға алғысы келеді. Бірақ, қырғыздарда ондай заңды жол жоқ.
"Жоғарғы Кеңес легитимді, солар Үкіметбасын сайлауы керек" дейді сауаттылары. Ал, Жоғарғы Кеңестің депутаттары бас сауғалап кеткен. Экс-президенттікке "үміткер" Сауранбай Жиенбеков байке өз өтінішімен президенттіктен кетуге дайын екенін байқатты.
Қысқасы, сарапшылар революцияның соңы Қырғызстанда азаматтық соғыс отын тұтатып жіберуі әбден ықтимал екенін айтып жатыр.
Батыс пен шығыс болып екіге бөлініп кету қаупі де тууы мүмкін. Сондықтан қырғыз ағайындарға қазір сабыр керек.
"Бұған дейін екі рет революцияны басынан өткерген ел ғой, есін тез жияды" деп жатқандар да бар. Лайым солай болғай!
"Қырғыздардың осындай күйге түсуіне әлемдік пандемеяның да әсері болды. Көрші Ресей мен Қазақстанда жан бағып жүрген қырғыз ағайын әлемдік індет кесірінен өз елдеріне оралды. Қырғызстанда істейтін жұмыс жоқ. Жұмыссыздықтың соңы осындай хаостық ахуалға түрткі болып отыр" деген пікірлерді оқып қалдым.
Бұл пікірдің расында жаны бар болса керек. Егер қазаққа революциялық емес, эволюциялық даму қажет болса, жұмыс орындары көптеп ашылуы керек. Бұл - бір.
Екіншіден, қырғыз мысалы арқылы халыққа төңкерістік көңіл-күй "сыйлағысы" келетіндердің де жазбасын оқыдым. Қырғыз - қазақтың төрттен бірі. Біздегі ахуал олардікіне ұқсамайды.
Қапелімде бізде де билікке талас бола қалса, қан төгілу қаупі төрт есеге артады. Бұдан қазақтың ұтпасы анық.
P/S
Қырғыздағы революциядан біздің халық та, билік те сабақ алса деймін! Халыққа "ұзын арқан, кең тұсау" демократия керек. Билікке өз ішіндегі жемқорлықты түпкілікті жойғаны дұрыс.




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 01:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31