Бір-екі хадисті жаттап алып, уағыз айту — «өз парызыңды» орындау емес

10 наурыз 2021, 10:55

Діни уағыздың да шекарасы бар, жігіттер. Қазылған қабірдің суретін парақшаға салып қойып, «байың да, кедейің де өлесің» дей беру қаншалықты дұрыс?! Әрине, Құранда бір-бірлеріңе ескертіңдер дейді. Бірақ мұндай сурет салу ескерту емес, бұл — қорқыту, үрейлендіру емес пе? Мұсылман әлемінде әйелдерге жерлеуге қатысуға рұқсат жоғын білесіздер. Екінші жағы, пандемия салдарынан ауырып жүрген адамдар көп, оларға мотивация берудің орнына, қабірдің суретін көрсету... қалай енді? Ауырған адам өлім туралы онсыз да ойлайды. Асып-тасып бара жатқандарға ескерту шығар, әрине, бірақ осы жағын ойлау керек.

P. S. Әлеуметтік желінің бәрінде сондай суреттер қаптап кетті. Шын мұсылман болсаңдар, өмірді дұрыс сүруді көркем түрде ескерте біліңдер. Оқыған-тоқығаныңа қара. Бір-екі хадисті жаттап алып, уағыз айту — «өз парызыңды» орындау емес.

Асылан Тілеген

Фейсбуктегі парақшасынан