Бір топ замандас түгілі екі адам тату əңгіме-дүкен құра алмайтын кепке ұшырадық

04 сәуір 2018, 12:58

Тобырлық мəдениет пен түрлі діни ағымдардың, тағы басқа толып жатқан жікшілдердің халық санасының ара-дарасын, ортақ құндылықтардың ұйпа-тұйпасын шығарғаны соншалық - бір топ замандастар бос қосып таза қазақы рəуіште арқа-жарқа болмақ түгілі екі адам тату əңгіме-дүкен құра алмайтын кепке ұшырадық.
Мұндайда абзалы - оңаша, жалғыз қалған. Сенің ішіңдегі қазақылықтың шексіз космосы сені бəрібір түпсіз ғарыш əлеміне көтеріп əкетеді. Менің ғарыш кемем - домбырам, ол менің көк дөнен көңілімді қай қиырға болсын, апарып қайтады...

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан