Тіл - тас жарады...

Бір түйір бидайға зар болып, өлген малдың сүйегін қайнатып ішкендердің әруағы бізді кешірсін

  • Бір түйір бидайға зар болып, өлген малдың сүйегін қайнатып ішкендердің әруағы бізді кешірсін

    Бір түйір бидайға зар болып, өлген малдың сүйегін қайнатып ішкендердің әруағы бізді кешірсін

Қазақстандағы бір белгілі олигархтың қызының мейрамханасы бар. Тек қана байлар той жасайды, ас береді, басқа да шаралар өтеді. Жақын туысым сол мейрамханада жұмыс істейді. Құстың сүтінен өзгенің бәрі бар дастарханда кейбір тамақтар түртілмеген күйі қалып қояды екен. Бірақ, мейрамхана иесі сонда жұмыс істейтіндерге содан түк татырмайды. Әрқайсысының "желкесіне" камера орнатып қойған. Тіпті, бір түйір жеміс алуға рұқсат жоқ. "Сонда соншама тамақты не істейді, оны жеп тауыса алмайды, ал ертесіне бәрібір бұзылып кетеді ғой?" – деймін. "Жоқ, қалған тамақты түгел таразыға тартып, шошқа бағатын біреуге сатады", – дейді. Өздері азғантай ақшаға (!) жұмыс істейтін әйелдер алса да болар еді. Бірақ, одан гөрі шошқа жегені артық болып тұр ғой...


***


Мейрамханаға тойға, асқа барамыз. Дастарханда тәрелке қоятын орын болмайды. Тіпті, иман туралы әңгіме айтылуы тиіс, ысырапқа жол берілмеуі тиіс ауызашар дастархандарының көбі тойдан бетер қайысып тұрады. Әсіресе, белгілі бір мекемелер, белгілі адамдар беретін ауызашарда дастархан сол күйі қалады. Онсыз да қарны тоқ жұрт барады, түртіп-түртіп жейді, қалғаны қала береді. "Қалған тамақты не істейді екен?" деген сұрақ үнемі көкейімде тұрады. Кейде 10-12 кісіге жайылған бір үстелдің өзінде бір отбасының апталық тамағы тұрады. Сол үшін ешкім именіп, қысылмайтын да секілді. Өйткені біз аштық көрмегенбіз ғой...


***


Журналист болғаннан кейін әртүрлі отырыстарға, фуршеттерге барасың. Кейбіреулер тәрелкені толтыра салып алады, соның жартысы сол күйінше қалады. Бір тістелген тауық, шеті ғана түртілген пирог, жартысы желініп, жартысы қалған жеміс... Немесе бір жерге барғанда анаған да қызығып, мынаған да қызығып, көп тамаққа тапсырыс беріп, аяғында "ой, тойып кеттім" деп сол күйі ысыра салуды да көп байқаймын. Тіреліп тойып тұрса да, десерт алғыштар болады. Онысынан бір қасық, екі қасық жесе жеді, жемесе ол да сол күйі тәрелкеде қала береді. Оған ешкім қымсынбайды да. Өйткені аштықтың не екенін білмейміз...


***


"Сонда тамақты қай уақытта жасап, қай уақытта ішесіңдер?" – Жұмыстан кеш келетінімді білген бір кісінің сұрағы. Мол қылып сорпа қайнатып қоятынымды, екі-үш күнге жететінін айттым. Жайылып, қатырылған қамыр, қатырылған көкөніс те уақытқа үнем екенін айтып жатырмын. "Ой, бір сорпаны екі күн ішсеңдер жақсы екен ғой, біздікілер ысытқан тамақ ішпейді, күніге сібежи жасау керек", – деді. Осындай кесірлі адамдар да бар арамызда. Өйткені аш қалып көрмеген да...


***


"Не тамақ?"... Бұл менің ең жек көретін сұрағым. Өйткені өзім шешем қандай тамақ жасаса да, ешқандай комментарий айтпай жеуге дағдыланған екенмін. Біреудің үйіне барғанда да ешқашан тамаққа комментарий айтпайды екенмін. Сондықтан шығар, "ооой, тағы да сорпа ма?" деген сұрақ кәдімгідей жыныма тиеді. Аш қалып көрмегенбіз ғой, сондықтан сөйлей береміз...


Бір түйір бидайға зар болып, өлген малдың сүйегін қайнатып ішкендердің әруағы бізді кешірсін. Ал қолдан жасалған аштықтың кесірінен көз жұмғандардың жатқан жері жаннаттың төрі болсын...


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2569    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31