Тіл - тас жарады...

«Бір үлкен соғыс келе жатқан сияқты елімізге, бірақ...»

  • «Бір үлкен соғыс келе жатқан сияқты елімізге, бірақ...»

    «Бір үлкен соғыс келе жатқан сияқты елімізге, бірақ...»

Кеше орыс интернетін шолып шыққан едім,
Ресейдің мақталы ток шоуларында ойбайлаған Жириновскийдің байбаламын көріп айызым қанып рахаттанып қалдым.
Кейде бұлардың күл мен қоқысының арасынан саф алтындай бір ақиқат жылт ете қалады негізі..
Мен өзімді жалынды пантүркистер қатарына қоса алмаймын, бірақ мына сөз ұнады маған.
Сондағы Жириновский сөзінің қысқаша мағынасы былай:
«түркілердің саны 200 миллион, олар Әрмендерді қайтсын, тегістеп өтеді, одан соң бұлар келешекте әскери одақ құрып күшейеді, іргемізге келеді. Кейін олар Қытайдың батыс өлкесіне басып кіріп Қытайды тас-талқан қылады.
Түркілердің ортақ тілі бар. Түрік тілі дегеніміз- әзірбайжан тілі, түрікпен тілі, қазақ тілі, башқұрт тілі, өзбек пен татар тілі, бұларды тағы дін біріктіреді» деп оңды - солды ойбайлап жатыр Жириновский.
Ресейдегі Жириновский дегеніміз кім? Ол - өмірі іштен тынып үндемей отыратын Кремльдің ойын сыртқа лақ еткізіп шығара салатын балаболдардың біреуі. Ол осы сөздерімен мына жерде Кремльдің қазіргі жай-күйін көрсетіп отыр.
Меніңше, Мәскеу Таулы Қарабақтағы қорқыныш пен үрейден әлі өз-өзіне келе алмай отыр.
Путин бір шықты да «біз жанжалға килігетіндей соғыс Әрмения территориясында боп жатқан жоқ қой» деді. Оны естіп Пашинян тіпті түңілді.
Маскүнем, алқаш Ельциннің өзі кезінде Әрменияға Таулы Қарабақты тартып алып берген болатын.
Ал мына жерде &lsquoмәңгілік, я құдіретті» Путин... төмен қарап отырып қалды.
Сөз жоқ, Анадолыны арқаланған Әзірбайжан әлемге жаңа соғыс тактикасын көрсетті.
Бұндай соғысты бұрын соңды кім көрген өзі..
Соғыс бастала салысымен алғашқы санаулы күндерде-ақ, бүкіл әскери техникасынан айырылып қалып, тіпті сарбаздарын да тасымалдай қалуға шамасы келмей қалу деген сұмдық қой. Әрмендер қазір сөйтіп күйреп отыр.
Жылт еткенді, қылт еткенді дрондар қағып тастап бас көтертпей жатыр. Ал қарсыласына ол дрондарды атып түсіру деген тіпті мүмкін емес нәрсе.
21 ғасырдың соғысы шамамен осындай болмақ... Инопланетяндардың соғысы.
Танкімен митыңдап, БТР ды жағалап, оның артынан уралап жүгіріп, қыратқа таласу дегеніңіз артта қалды.
(Бірақ орыстар әлі солай соғысады.)
Қазіргі соғыстарда кім заманауи технология иеленіп көк аспанды билейді, сол соғыстың тағдырын шешетіні анық болды. Былай дұшпаныңды пұшайман ғып қимылдатпай қатырады екенсіз.
Калашников деген орыстың ТМД істері жөніндегі бір депутаты бар тын.
Ол бұрын Украин жанжалы кезінде өздерінің мақталы ток шоуларында ауыздары көбіктеніп жұртты сөйлетпей байбалам салатын оңбаған импершілердің бірі еді.
Сол кеше жуасып қалыпты.
«Бір үлкен соғыс келе жатқан сияқты елімізге, бірақ...
Одан соң біз ел ретінде тарқап кетеміз бе, баяғыда Совет үкіметі күйремей тұрғанда, кім ойлаған оны тарқайды деп, қазіргі жағдайымыз соған ұқсап барады.
Бізді бір мезетте жан-жақтан қыса бастады. Беларусь, Әзірбайжан - Әрмения, Қырғызстан...
Бұны кездейсоқтық деп айтуға болмайды, тегін емес бұл» деп желкесін қасыды орыстың импершіл депутаты.
Қысқасы, орыс қазір кәдімгідей сасқалақтап отыр.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 12502    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31