Тіл - тас жарады...

Біреуі өркениеттің не екенін түсінді, екіншісінің миына әлі кірмеді

  • Біреуі өркениеттің не екенін түсінді, екіншісінің миына әлі кірмеді

    Біреуі өркениеттің не екенін түсінді, екіншісінің миына әлі кірмеді

ГЕРМАНИЯ мен РЕСЕЙ

Германия өзінің бар қателігін түсінді. Шын түсінді. Мына ескерткіш соның дәлелі. Бұл не десеңіз айтайын. Берлиннің қақ ортасында 2005 жылы Германия билігі Холокостқа арнап ескерткіш ашты. 2700 арнайы биік тас тақтайшалардан тұрады. Бұл ескерткіштің мағынасы өте терең, оны жай ғана қарап тұрмайсың, оны сезінесің.

Ескерткішті жақсылап көру үшін, оның ішінен өтуге тиіссің. Жалғыз өзің. Өйткені ескерткішті екі адам бірдей өтуге мүмкіндік аз. Тас тақтайшалардың ортасымен жүріп келе жатасың. Оңға қарасаң да, солға қарасаң да сұр тас тақтайшалар. Сен және жалғыздық. Іштей сені мұң басады. Өзіңді эшелондарға тиеліп, лагерьге айдалған еврей сияқты сезініп кетуің мүмкін. Ауа жетпей, тынысың тарылып, газ камерасына қамалғандай күй кешуің ғажап емес. Өйткені ескерткіш сол үшін салынған, қате идеологияны сезіну үшін.

Германия билігі фашизмнің қате екенін түсінді. Үшінші рейх билігін қатаң сынады. Тарихи қателікті мойындады. Құрбандарға тағзым етті.

Ал Ресей ше? КСРО-ның қателігін түсініп, Сталин деген диктатор, қанішердің қылмыстарын мойындай ала ма? Коммунизм идеологиясы миллиондап қырған қазақ, украин және басқа ұлттар үшін кешірім сұрап, Мәскеудің төрінен осындай ескерткіш аша ала ма? ГУЛАГ үшін, геноцид пен қолдан жасап, он миллиондап қырғын салған аштық үшін, миллиондап депортацияланған ұлттар үшін, өзі салған концлагерьлер үшін, миллиондап қырған зиялылар үшін бір ірі ескерткіш кешенін салуға рухы жете ма? Ешқашан. Неге? Жауап қарапайым. Біреуі өркениеттің не екенін түсінді, екіншісінің миына әлі кірмеді.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1805    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31