Тіл - тас жарады...

Бəріміз осындай көзқараста болсақ, тілді өз қолымызбен жерлейміз...

  • Бəріміз осындай көзқараста болсақ, тілді өз қолымызбен жерлейміз...

    Бəріміз осындай көзқараста болсақ, тілді өз қолымызбен жерлейміз...

 Өткенде мінəйі себеппен бір оқымысты кісінің үйіне барып қалдық. Біраздан соң əңгіме саясатқа ауысты да əлгі ағамыз Қонаевты жерден алып, жерге салды. Тілді құртты деді. Өзінің орысшаны араластырып бөсіп отырғанымен ісі болған жоқ, "понимаешь" дегенді көп қолданады екен. Алдына келіп отырып алған немересімен орысша сөйлесіп отырды. "Аға, Қонаев кеңес кезінің адамы ғой, шындығында оның билігі де болған жоқ, бəрін Мəскеу басқарды, ал тəуелсіздік алған бүгінгі күні неге өз тілімізде сөйлемейміз? Мына немереңізбен орысша шүлдірлеп отырсыз, бұған да сүйегі қурап қалған Қонаев кінəлі ме?" дедім. Ағамыз сəл іркіліп қалды да: "Сен менің балаларым қай тілде сөйлейтінінде шатағың болмасын, бұларға осы тіл қолайлы, қазақ мектептерінде дұрыс білім де бермейді, соны біле тұрып қалайша қазақша оқытпақпын", деді. " Əрине шатағым жоқ, өзіңіз Қонаев тілді құртты деген соң айтып жатқаным ғой, бəріміз осындай көзқараста болсақ, тілді өз қолымызбен жерлейміз" дедім. Тіл туралы əңгіме осымен тəмам болды.

Бір кездері үнемі тіл туралы жаны күйіп сөйлейтін Т. Кəкішев ұстазымыздың немерелерімен орысша сөйлескенін көріп таң қалып едім. Содан бері мұндай көріністерге таңырқауды қойғанмын. Қазір аруақтармен айтысу қоғамдық дертке айналды. Бұрын Абайдан бері қарай сықпыртатындар енді одан да ары кететін болды, тіпті қазақ хандығының құрылуы да тарихи қателік екен. Бір қызығы жұрт осындай пікір айтатындарды данышпан көретін болыпты, бөлек ойдың адамы мыс. Кейде осындай "ойшылдардың" шамадан тыс көбейіп кетуі елді ыдыратып тына ма деп қауіптенем. Арты қайырлы болғай, əйтеуір.

Нұртай Ерназар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29