Тіл - тас жарады...

Бұдан өткен ақымақтықты естіген емеспін...

  • Бұдан өткен ақымақтықты естіген емеспін...

    Бұдан өткен ақымақтықты естіген емеспін...

АҚША – БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ БОЛА АЛА МА?

Қазақстандық ютуб бетінен кедейсоқ балаларды тәрбиелеу бойынша пікірталастың үстінен түстім. Бір танымал адам балаларды ақша арқылы тәрбиелеу керек дейді. Мысалы, бала шкафын жинады ма, ақшасын алсын, жинамады ма, көктиын да жоқ. Спортпен айналысты ма – міне саған ақшаң, айналыспады ма, түк те жоқ. Екі бала тәрбиелеген әке ретінде айтарым - бұдан өткен ақымақтықты естіген емеспін.

Жоғарыда айтылған әдіс циркте аңдарды үйретуді еске салады. Бірақ біз бір кесек секер үшін дегеніңнің бәрін істейтін хайуанды емес, жауапкершілік арқалай алатын саналы адам баласын тәрбиелеп жатырмыз ғой. Сондықтан балалар әке-шешесінің айтқанына ақша үшін емес, оларға деген махаббат-құрметі үшін құлақ асуы керек. Оның үстіне, балалар ата-анасының өздерін мектептегі баға, мұқият жиналған шкафы, т.с.с. үшін емес, кез келген жағдайда жақсы көретініне сенімді болуы тиіс. Сондай-ақ, әке-шеше де – қазіргі шақта ақша бар-жоқтығына қарамастан, құрмет пен сүйіспеншілікке бөленуі керек. Өмірден өткен ата-бабамызды, енді олардан ешқашан ақша ала алмайтын болсақ та, жақсы көреміз ғой.

Балаларды ақша төлеп тәрбиелеу – таяздық, балалардың психикасына теріс әсер ететін орасан үлкен қате. Балалардың психикасы, үлкендердікіндей емес, нәзік болғандықтан, тез жараланады. Сондықтан да медициналық жоғары оқу орындарында арнайы педиатрия факультеттері, тұтас педагогикалық институттар бар.

Қандай танымал адам айтса да, бала тәрбиесіне ақшаны араластырмаңдар.

Ақшаға тек мақұлықтар мен бөтен ересек адамдарды ғана өзіңе керек нәрсені істетуе болады. Шынайы махаббат, сенім, балаларға деген қамқорлық, бірге атқарған іс, өзара шүйіркелесу, бірге кітап оқу – міне, ең үздік тәрбиешілер, осылар. Менің бұған әбден көзім жеткен.

Мұхтар Тайжан
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 2350    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30