2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Тіл - тас жарады...

Бүгінде Отанымыздың амандығымен берекесі дәрігер мен офицердің иығында тұр.

  • Бүгінде Отанымыздың амандығымен берекесі дәрігер мен офицердің иығында тұр.

    Бүгінде Отанымыздың амандығымен берекесі дәрігер мен офицердің иығында тұр.

 Есімде жоқ екінші ме,әлде үшінші сыныпта оқитын кезім болса керек шамасы. Ауылдың шетіндегі Қожаның жаңа тамына көшіп барған кезіміз. “ Атадан балаға мал қалғанша, тал қалсын “- деді ме екен әкемнің пысықтығы ұстап үйдің алдындағы бақшаға үйіп -төгіп жеміс-жидек ағаштарын отырғызды. Жас шыбықтардың жауы ешкі. Оны ешкіден қорғау менің міндетім. Шұрық тесік болған ескі қораны әлі жөндеп үлгермегенбіз. Ешкі түгілі екі сиыр қатар сиып кететін тесіктері бар еді жарықтық біздің қораның. Көктемде көгерткен шыбықтарымыз, жазда жайқалып жапырақ жайды. Мен ойын баласымын. Шіліңгір шілденің аптап ыстығында суға түскім келеді. Суға түсу қайдан болсын. Екі көзім ешкілерде. Мен оларды, ешкілер мені аңдып әлекпіз. Екі үйден соң “Жалпақ”-деген көлшігіміз бар. Бүкіл ауылдың балары сол көлшікке келіп суға түседі. Әке-шешесі қонаққа кетіп, бастаңғы жасаған бойжеткендей бүкіл баланың барлығы сол Жалпақтың жағасында. Қызықтан құр қалған қыдырымпаз кемпірдей екі көзім бақшада, екі құлағым Жалпақтың жағасындағы у-шуда. Ешкіден емес, әкемнен қорқам. Бақшаға ешкі түссе масқара боламыз. Оны обедке келген әкем көрсе әкемді танытады. Ешкілерді қораға қамап, бақшаны енді бәледе алмас деп белді бекем буып Жалпақтың жағасына тарттым. Шілденің шеге құмы жалаңаш табаныңа шегедей қадалады. Көк дамбалдың ақ резеңкесін бір буып алдым да суға секірдім. Бақаның балдыр шөбі мойныма ілініп сүңгіп шыққаным сол еді машинаның даусы естіледі. Әкемнің 75-11 КЗЕ деген номері бар ГАЗ-53 машинасы болатын. Көзімді ашсам көк көлікте көлдің жағасына жақындап қапты. Көлден атып шығып “Менің атым Қожадағы” Сұлтандай үйге қарай безіп келе жатырмын. Артымдағы көлікте басып өлтіретіндей ентелеп келе жатыр. Бар ойым я құдай бақшаға ешкі түспесе екен деп келем. Қырсыққанда емшегі салбыраған он ешкі он талға асылып тұр. Жапырақтан жапырақ қалдырмаған. Жағың сыңғырлар күйсеп тұр. Сол пәрменмен келіп мен ешкіні қудым, әкем мені қуып келе жатыр. Бар ойым бір ешкі қолыма түссе әкемнің таяғынан аман қалам ба деген ой. Ойбай ондай бақыт қайдан болсын- дегендей. Тесікке жете бере бір теке қолыма түсті-ау. Содан құдай салмасын сол күні мен теке үшін, теке мен үшін таяқ жедік. Мен әкемнен ұялдым қанша еңбегі зая кетті. Оны жеген ешкінің ұяты қайдан болсын, заты мал емес пе?. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді”-деген. Кез-келген қазыналы еңбектің қарауылы болуы керек екенін өмір маған бала кезден үйретті. Тәуелсіздіктің тұғырын тұрғызғанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті. Қауіпті індеттен қазыналы Қазақстанға қақпақтай қалқан болып тұрған Ел ағаларына, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген ақ халатты абзал жандарға, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтқым келеді. Бүгінде Отанымыздың амандығымен берекесі дәрігер мен офицердің иығында тұр. Биыл өз бақшама жеміс ағаштарын отырғызып жатып ұлдарыма қараймын. Ешкісі бар ауылда емес, қорасы жоқ қалада туған қандай бақытты балаларсыңдар. Құрт түспеген жеміс ағашындай, індеттен аман болыңдар ұрпағым. Қақпақ болған, қалқан болған, қарауыл болған қайсар жандардың жанына жалау болыңдар.

Мақсат Сқақов.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31