Тіл - тас жарады...

Бұл ауыл облыс әкімдерінің ешбірін "тірідей" көрмеген. Көрсе айтары баршылық

  • Бұл ауыл облыс әкімдерінің ешбірін

    Бұл ауыл облыс әкімдерінің ешбірін "тірідей" көрмеген. Көрсе айтары баршылық

Ауылға барсаң "журналиссің ғой, айтсаңшы" - деп ағайын бас салады. Айтып-ақ жатырмыз, амал және тыңдар құлақ жоқ. Алматы облысының Кербұлақ ауданында Малайсары деген ауыл барын облыс түгілі аудан басшылары білмейтін секілді, бармайды, тілдеспейді. Бұл ауыл облыс әкімдерінің ешбірін "тірідей" көрмеген. Көрсе айтары баршылық. Төрт қабатты үйлердің төбесінен сорғалаған су жертөлеге бір-ақ өтіп жатыр. Қызыл кірпіш үгіле бастаған. Үстіңгі қабаттар қаңырап қалған. Подъездге кірсең көк исі қолқаңды қабады. Бір ағамыз "Егер мына үйлер мыңдаған адамды басып қалса қазып алмаңдар, тірімізде ешкім тыңдамады, ал өлген соң тәніңді топырақ көмді не, тас көмді не, бәрібір" - деп ашуланып отыр.

Ауылға ауызашар бергенде елдің артқан аманаты осы болды, қиянат жасамайын. Суреттерді бұрын түсіріп, "Шахтинск оқиғасы қайталануы мүмкін" - деп айтып едім, тағы айтайын, біреу селт ететін болса...










Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1798    Пікірлер: 0

сенбі, 11.05.2019, 18:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30