Тіл - тас жарады...

Бұл жалғандық кім үшін, не үшін керек?

  • Бұл жалғандық кім үшін, не үшін керек?

    Бұл жалғандық кім үшін, не үшін керек?

Ысырап соңы-ыдырау!

«Сәбет өкіметі» кезіндегі компартия саясаты шет жағасын көріп өстік.
Шөп науқаны кезінде құрылатын шөпшілер бригадасы жұмысына қанық өстім. Шөпшілердің әрбір қыстаққа дайындайтын шөп көлемін барынан артық жаздырып жіберетін. Есепші «өкіметтің тапсырмасына» қарсы келе алмайды да, «сұрағанын» жазып құтылатын.
Есесіне, жұмысшылардың еңбегі де сәл артықтау төленетін.

Бір қызығы сол, «дайындалды» деп артық жазылған шөп көлемі үшін, орталық қоймадан бар теxникаларға артық қосалқы бөлшектер бөлінетін. Ол, сынбаған, жүрмеген «теxникаларға салынды» деп қағаз қатталып, әрбір квартал сайын есебін жауып отыратын.
Сол, артық, ысырап болған қосалқы бөлшектер күн астында жата беретін. Епті, алдағысын ойлағандар, ол бөлшектерді жиып әкеліп қораларына тыға беретін-ді..
Енді осы «істелді» деп есебі жабылған жалған обьемдар үшін қосалқы бөлшегі бөлінген теxникаларға жанар-жағар май бөлінеді. Алмасаң - жұмыс істемедің!
Амал жоқ, ол жанар-жағар майларды апарып шұқырға төге беретін.
«Сәбет өкіметі» неге құлады дегендерге-жалған мәліметтен құлады! дер едім.
Енді осы мәліметке сәйкес жиналған шөпті жейтін мал да қағаз жүзін де артық қой?! Ол қайдан пайда болды? Ол, бір қойшыға берілген бір отар, яғни «500-600 бас қойдан 1000-1200 қозы алды, озат шопан» деп дәріптеп, ел алдына шығарады. Ол қозы қайдан келді? Ол, әлгі "озат шопанға " қағаз жүзінде бір отар, ал мәліметтен тыс жасырын бір отар «тоқты» қосып береді. Жетпесе ешкі санын қой қылып «етке өткізді» деп есеп айырысады.
Ал ол "озат шопанға" тиесілі көлікті бастықтар мінетін.
Ал, енді бұл малдың бәрін «етке өткіздік, xалық жеді» қылып жауып жібереді.
Бұл жалған мәлімет барлық салада орын алғасын, шығыны көп пайдасы жоқ болғасын - «қызылдар» өкіметі құлады.
Ол өткен заманда да адам сенгісіз ертектегі секілді өмір болды.
Қазір ше?
Жалған мәлімет қазір де бар. «Нұр Отан» партиясы мүшелігіне адамдардың тегін жазып жіберіп, соңында партия  жарнасын басшылар өздері қалталарынан төлегендерін көрдік.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін де "өсіріп жатырмыз" деп есеп беріп, соңынан базар да сатылды мен құтылады.
Бұл жалғандық кім үшін, не үшін керек? Президентке ме?
Оған жалған мәліметтің керегі не?
Оны жасайтын үкімет! Жергілікті әкімдерге тапсырма беріледі. Ол тапсырма орындалуы керек.
Ешқандай дақыл екпесе, еккені өспесе не істейді? Дұрыс! Дәл осы жерде жалғандық көмекке келеді.
Оны тексеріп жатқан біреу барма? Жоқ! Жергілікті статистика мәліметтерін алып қарасаңыз ел де өспейтін дақыл, жұмыссыз жүрген адам жоқ.
Енді айналаға қараңыз.
Қаптаған жұмыссыз, базар толған қытайлардың «боқ-сідігіне» піскен қияры мен қызанағы. Олай дейтінім, қытайға барып жүргенде байқағаным, олардың егіс алқаптары жанынан өту мүмкін емес. Адамның дәреті сасиды. Сол алқапта піскенді ауызға салып отырмыз!
Отандық өнім өндірушіні қолдамай, ауыл шаруашылығын дамытпай-ел болмаймыз.
Жалған мәлімет «Нұр Отан»ның түбіне жетпесін десек, оны доғару қажет.

Тортуыл Шоқан
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2735    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30