Тіл - тас жарады...

Бұл күлетін нәрсе емес, бұл - дерт

  • Бұл күлетін нәрсе емес, бұл - дерт

    Бұл күлетін нәрсе емес, бұл - дерт

Айнұр Тұрсынбаеваның тренигін сынға алып жатырсыздар. Иә, мен де шок болғам. Кейін түсіндім. Нені дейсіз ғой? Қоғамның дертін. Айнұр айтып жатқан әңгіменің әркімнің өз отбасында, дастархан басында айтылмайтынын түсіндім. Бір танысым «Айнұр айтты «адамдар бір-бірін құшақтау керек екен. Сол кезде мейірім төгіледі деп» дейді. Оны маған әжем де, анам да, енем де түсіндіріп қойған. Бұдан шығатын қорытынды, танысымның шаңырағында адамды бір сәт бауырға басу керектігі жайлы айтылмайтын болып тұр ғой. Бұл бір ғана мысал. Сосын бір келіншек соңымнан қалмай жүр. Маған мотивация беріңізші, сіз менің мотиваторымсыз деп. Мен психолог емеспін, өзімді әрең тәрбиелеп жүрген адаммын деп қашамын. Соңында нөмерін блокка жіберіп тынышталдым. Сіз айтып отырған 10500 адамның 99 пайызы әйелдер. Яғни, үйде отырып қалған әйелдер. Әкесінің еркелеткеніне, анасының мейіріміне, күйеуінің махаббатына рухани шөлдеп жүргендер. Бұл күлетін нәрсе емес, бұл - дерт. Айнұрды да, оны тыңдап отырған әйелдерді де кінәлай алмайсыздар. Еркекке сын мұның бәрі. Қарапайым ғана әйелін, қызын ерекелетуді, аялауды, жақсы көруді білмейді. Әйелді мақтаса басыма шығып кетеді деген комплекстері беттеріне шығып тұрады, еркектердің. Қазір Айнұрдың "ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс" болып тұр. Сіздер Айнұрға қарсы болып жүргенде Айнұр әйелдеріңіздің жүрегінен, шаңырағыңыздың төрінен баяғыдаааа орын алып қойған.

Мәдина Махамбетқызы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6981    Пікірлер: 0

жұма, 20.12.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30