Тіл - тас жарады...

Бұл заң негізі милары уланып, өз балаларын отқа итеретін ата-аналарға арналған

  • Бұл заң негізі  милары уланып, өз балаларын отқа итеретін ата-аналарға арналған

    Бұл заң негізі милары уланып, өз балаларын отқа итеретін ата-аналарға арналған

Зорлық зомбылыққа қарсы заңға үн қатайын!
Ия келіспейтін тұстар бар!
Әсіресе үйдің кватратурасы экономикалық тұрғында біраз пунктеріне қарсымын!
Бұл заң негізі милары уланған, теріс ағымға кіріп кеткендерге арналған еді!
Негізінде ол "қыз алып қашу","балаға мәжбүрлі түрде хиджап кигізіп, намазға жығу", "ерте тұрмысқа беру" секілді мәселелерге байланысты дайындалған сияқты. Кез келген заң қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілері, яғни бұл заңның баптары кімдерге қолданылатыны ашық жазылады. Яғни бүкіл ҚР азаматтарына емес, өздерінің милары уланып, өз балаларын отқа итеретін ата-аналарға арналған еді.

Бірнеше мысал келтірейін

  • Әкесі өзі сәләфи ағымға кіріп, балдарын Қырғызстанға таудың басына бір ұрып оқытатын ұстазға жіберген. Ол ұстаз ол балаларды адам өлтіруге жихад жасауға тәрбиелеген. Құзырлы органдар баланы алуға барғанда, өз балама қалай тәрбие берсем өзім білем деп, біраз қиындық туғызған! Қәзіргі таңда әкесі Жымбылда түрмеде отыр, балалар анасына қайтарылды! Балалармен әлі психологтар жұмыс істеуде!
  • Екінші мысал 2018 жылы Шымкентте әкесі баласын намазды дұрыс оқымадың, яғни азанды дұрыс шақырмадың деп ұрып өлтіріп қойған!Яғни баланы өз еркінен тыс өзіне ұнамайтын сенімге, еркінен итермелеу!
  • Үшінші мысал Ақтөбеде сегіз жасар қыз мектепке бармайды, ата анасы сәләфи ағымда баланы хиджап киіп, тұрмысқа шығуға дайындау! Қыз бала білім алмау керек, тек тұрмысқа шығу керек деп ата аналары баланың орнына шешім шығару.
    Яғни бұл заң теріс ағымдағыларға шығарғалы жатыр еді.
    Бұл заң бүкіл ҚР азаматтарына қолданбайтыны айдан анық, бірақта бұл заң кейбір теріс жолда жүр деп аты шыққандардың ашу ызасын тудырған сияқты!


Телефон әпермесе, үй кішкентай болып қалса деген далбаса дүние!
Нақты шығарғалы заңның төркіні осында!
Заңға өзгерістер енгізу қажет, бірақ бұл заң балалардың құқығын қорғау үшін қажет!
Қаншама бала ата-анасының артынан Сирияға кетіп, өмірлері тозаққа айналды.
Он жасқа толған қыздарын ол жақта тұрмысқа берген, балаларының қолына қару ұстатты!
Неге әке шешесінің кесірінде балалар сондай тозақты көру керек айтыңдаршы?
Әшейінде жақ ашпайтын сақалдылардың бірінші шулағанынан түсінуге болады!
Балалардың да таңдау құқығы бар!

Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2650    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31