Тіл - тас жарады...

Бұлар журналист емес. Жәй менің ауылдағы зырылдақ жеңгем сияқты өсекшілер

  • Бұлар журналист емес. Жәй менің ауылдағы зырылдақ жеңгем сияқты өсекшілер

    Бұлар журналист емес. Жәй менің ауылдағы зырылдақ жеңгем сияқты өсекшілер

Бүгінгі таңдағы журналистикаға мүлдем көңілім толмайды. Себебі өте көп. Қазіргі кезде нақты талдау және сараптама жасалған ақпарат жоқ. Оқиға орнынан хабар беріп тұрған тілші ғаламторда тарап жүрген цифрларды хабарлайды. Сол оқиғаның себеп-салдары, нақты қандай шаралар жасалып жатыр, ол туралы мәлімет жоқтың қасы. Неге? Осындай бей-жайлықтан соң халықта үрей күшейеді. Әркімнің аузынан шыққан ақпарға сеніп, әртүрлі жағдайға душар болады. Бүгінгі Жетісайдағы жағдайға байланысты әлі бірде бір жібі түзу ақпарат жоқ. Елімізге келген індет жөнінде де осы мәселе. Ауырған, жазылған, жұқтырған, өлген адамның саны ғана. Қалай жұқтырды, жазылған адамға қандай дәрі-дәрмек көмектесті? Нақты мәлімет жоқ. Неге? Тағы да сол сараптама жасап бас қатыратын тілшінің жоқтығынан. Бұрындары Жас Алаш, Жас Қазақ, Айқын, Алаш айнасы газеттерінен кез-келген оқиға туралы нақты мәлімет және сол туралы толық талдау жасалған мақала оқушы едік. Қазір жоқ. Қазір өзін мықты тілшімін деп есептейтіндер шоу бизнес маңайында ғана жүр. Кәдімгі жарыққа үймелеген жынды көбелек. Не ішті, не киді, кім кіммен жатты т.б.с.с өсектер. Бұлар журналист емес. Жәй менің ауылдағы зырылдақ жеңгем сияқты өсекшілер. ТВ саласы екі қазақты қырқыстырып қойып қарап отырады. Осылардан үлгі алған ұрпақ қайда барады? Өз ойым. Екінші тобы тренинг өткізуден қолы босамай жүр. Аузынан көбік аққанша көпіріп сөйлегенді өнер деп саудаға салады. Жарайды жақсы сөйлеу өнер шығар, бірақ сол көк мылжыңның журналистикаға керегі қанша? Тілші деген айтылған ақпаратты зерттеп, зерделеп, ақ қарасын ажыратып халыққа жеткізуші емес пе еді.? Жалпы бүгінгі ақпарат кеңістігіне тазалық қажет. Осының бәрі кәсіби журналистиканың абырой-беделін түсіріп жіберді.

Келісу-келіспеу өз ықтиярыңызда. Бұған Сіз не дейсіз?

 

Ернат Ысқақ
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1961    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 14:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31