Бұларды мен мәдениетті тобырлар деймін...
Мәдениетті тобырлар...
Иә, кәдімгі тобыр. Бірақ мәдениетті, тәртіпті, жауапты. Олар екі-үш тіл біледі, тұрмысы тәуір, қос дипломы мен көлігі және бар дегендей. Алайда, тобыр. Бәрібір бірнәрсе жетпейді. Білім дейін десең, ол бар. Сауат дейін десең, сені оны орайды. Қызметі де өзге адам қызығатындай. Көргені аз дейін десең, кемі жеті-сегіз мемлекетке табаны тиген, ортасы да осал адамдар емес. Сонда да бірнәрсе кем.
Бұларды мен мәдениетті тобырлар деймін, мәдениетті тобырлар, мәдениетті тобырлар...
Азамат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан