Бұның артынан бір жыныстырлардың некесін заңдастыру да келе жатқанын білейік

05 желтоқсан 2020, 00:58

«Айта алатын жалғыз ғана жаңа нәрсеміз - жаңа бір нәрсе айта алмайтындығымыздың ақиқаты», &ndash деген батыс пәлсапашысы Фридрих Ницше Батыс мәдениеті мен өркениетінің жаназасын баяғыда-ақ өзі шығарып кеткен еді.
Алайда, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін Батыстың емшегін еміп, уызына тойғымыз келеді. Бұл өз мәдениетіміз бен өркениетіміздің уызына жарымағандығымыздың айқын көрінісі.
Әлемнің шартарабында салтанат құрып, билігін жүргізген, өз өркениетін құрған түркілердің ұрпағы бүгінде кезіндегі қоластындағы біреулердің мәдениетін үлгі тұтуы - рухани құлдырағандығымыздың белгісі!
Денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беруі де Батыстан келген тағы бір батпаққа енді белшемізден батқандығымызды көрсетті.
Ислам өркениетін құруға үлесін қосқан бабалардың ұрпағы Алланың жаратылысына қайшы әрекетке барып, қолдау көрсетуі - үлкен бір бәленің басы деп білемін.
Бұның артынан енді бір жыныстырлардың некесін заңдастыру да келе жатқанын білейік.
Ер жүрек, жауынгер халықтың ұлдарын қатынға айналдыру арқылы ғана жеңе алатынын жақсы білетін Батыс бұл жобаны баяғыда бастап кетті. Ал біздер бұл жобаның жүзеге асырушысына айналып отырмыз! Өкінішті!

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан