Тіл - тас жарады...

"Біз ел жейтін нанды жемейміз" деп күйдірген...

  • "Біз ел жейтін нанды жемейміз" деп күйдірген...

 Осы бар ғой. Біздің Үкімет әр балаға 21 мың беріп жарылқаймыз деді ғой, деді. Ал енді ол жәрдемақыны алу үшін сіңірі шыққан кедей болуың керек. Біз сияқты оқыған, аз-маз табыс табатындарға, қолында зейнеткер ата-анасы барларға, (зейнетақы да доход саналады), мүгедек баланың күтіміне байланысты жәрдемақы алатындарға (ол да кіріс көзі деп есептеледі) ол 21 мың теңге берілмейді. Кеше осыны естіген бір құрбым дереу барып ата-енесін үйінен пропискадан шығарып тастапты. Ондағысы үйімізде пенсия алатын адам жоқ дегенді дәлелдегісі келгені. Енді бір танысым отыр "мүгедек баланың күтіміне беретін жәрдемақыдан бес балаға 21 мың алғаным жақсы еді" деп. Сонда ше, сонда ел не істейді енді. Жаппай пенсия алатын ата-анадан бас тарта ма?! Мүгедек баласын күтпеймін деп бас тарта ма?!

Бұл жәрдемақыны алу үшін жұмыссыз, табыссыз болу керек қой...Онда ше, онда жұрт енді былай істейді. "Әйтеуір елде жұмыс табу қиын. Қаншама жас мамандар жұмыссыз жүр. Мемлекет көмектеседі оқымай-ақ қой. Оданша топырлатып бала тауып солардың жәрдемақысына күн көріндер" деп қыздарын оқытпай-ақ тұрмысқа беріп, ұлдарын қара жұмысқа жегіп кедей болудың қыр сырын үйрете бастайды. Сөйтіп жаппай халық өзін өзі дамытудың орынына осындай қадамға бара бастайды. Міне сонда "Үкіметім жағдайыңды жасап отырмын" деп ойына келгенін одан әрі жасай береді. Бұл да халықты тобыр қылудың бір астары ғой. Қазір 21 мың теңге беріп елді емексітіп отырған биліктің елге жаны ашып осыны істей қалды дегеніне сенгім келмейді. Сол 21 мың теңгеге олар түскі ас та ішпейді. Олардың жейтін нандардың өзі 2000- 3000 теңге. Мен өзім білем біреуісіне "елде нан да қымбаттап келеді,неге" деп сұрағанымда "біз ел жейтін нанды жемейміз" деп күйдірген. Осылай деп отыргандар ұялмай халыққа келгенде 21 мың теңгені бөле-жарып кедей болуға итермелейді. Бұл әділетті бөлініс емес. Әділетті төлем де емес. Халықты жынды қылғанды қою керек.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 5073    Пікірлер: 0

сенбі, 13.04.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30