Тіл - тас жарады...

Біз жақта пара беру, оның көлемі ашық түрде айтыла береді...

  • Біз жақта пара беру, оның көлемі ашық түрде айтыла береді...

    Біз жақта пара беру, оның көлемі ашық түрде айтыла береді...

Өткенде Шымкентке бара жатқан жолдан, Сарығаштан келінімен бір əйел мінді. Газельде, артта бір ғана орын бар еді. "Біреуіне ортаға орындық қойып береді. Ол кісі тура менің қасыма кеп отырады. Тұзы жеңілмін ғой" деп ойладым. Күн ыстық. Айтқанымдай, апай шопыр берген стөлін көтеріп, тура менің қасыма кеп отырды. :) Иығыма иығын "тиістіріп" отырды. "Жолаушы ғой, өз орны жоқ" деп үндемедім. Шыдамның да шегі бар. "Апай, менің жігітім емессіз ғой, сəл əрі отырасыз ба?" дедім. Сондай керемет қалжың айтпасам да, апай шықылықтап күлді. Түрі сондай жылы, мейірімді, момындау. Апаймен əңгімеміз жарасып кетті. Апайдан биыл не еккендерін, өнімді қалай алғандарын сұрадым. "Үш гектар жеріміз бар. Бір жарым гектарына жоңышқа егіп тастағанбыз. Өзіміздің мал жейді, артылғанын сатамыз. Біз жылда елу сөтікке капуста егеміз. Елу сөтігіне картошка егеміз. Біз капустамызды жинап үлгердік. Біраз адамның капустасы жерде қалды. Кейде диқандарды қорлап, тым арзанға алғысы келеді. Содан ашуланып бермейді. Соңы сата алмай мал жайып жібереді. Картошканың килограмын 20-30 теңгеден өткіздік. Онша пайда көрмедік. Керісінше күндікке жұмысқа шығатындар ұтады. Олар күніне 4000 теңге алады. Отыз күнде 120000 табады. 2500-3000 теңгеге адам таппайсың. "Отайтын шөбі қалың емес пе, қалың болса, бармаймыз" деп кергиді" деп күледі апай. Тіпті кейде ақшаңа адам таппайсың. Біздің жақта гектар-гектарға капуста, қызанақ, қияр, картошка, қауын-қарбыз егетіндер көп қой.

Есік алдына раушан гүлін егіп, сатамыз. Қыста гүлге қарауда оңай емес. Оның өзінің өсетін температурасы бар. Наурызда үй-үйді аралап, гүлімізді алыпсатарлар сатып алады. Гүлден жақсы пайда көреміз" дейді.

Сарығаштың қасында тұрады екен. "Біздің ауыл қалаға айналып кеткен. Он бір балабақша бар. (Ауылының атын айтып еді, ұмыттым. Б əрпінен басталатыны ғана есімде қалыпты). Сол балабақшаның иелері, кафелері барлар 21 мың теңгеге ілініпті. Қазір комиссия қатты тексеріп жатыр. Екі рет жетпіс мың теңге алып едім. Соны қайтартпаса деп уайымдап отырмын" деді.

...Өткенде таксиде бір əйел телефонмен айқайлап сөйлесіп отыр. "21 мыңға құжат тапсырдым. Құжатты қабылдап алған қыздың қолына 20000 ұстаттым, 21 мыңды шығарып береді" деді сенімді түрде. Біз жақта пара беру, оның көлемі ашық түрде айтыла береді. :)

Əрбір балаға он мыңнан берсе, мұндай былық болмас еді.

Біздің саяси технологтардың əрбір жобасына қоқыс араласып кеткен. Соңы жобаның өзі қоқысқа айналып кетеді.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4255    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.09.2019, 23:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30