Тіл - тас жарады...

Біз орыстың алақанында отырмыз

  • Біз орыстың алақанында отырмыз

    Біз орыстың алақанында отырмыз

 Мен кейде біздің орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарын іштен шыққан дұшпаннан да артық пәле ме деп қаламын.

Біз жалпы сырт көзден жасырын отырып біраз ұлттық шаруаларымызды түгендеп алар едік.

"Тенгеден орысша таңбаларды алып тастау", "латын әліпбиіне көшу" деген нәрселер бізде солай істеліп кететін дүниелер ғой. Соны мыналар жаһанға жар салып бізді тыпыр еткізбейді. Солардың арқасында біз Мәскеу үшін алақандағыдай боп көрінеміз. Олар біздегі оқыс қимылдардың бәрін көріп отырады. Шпион да керек емес оларға.

Мысал үшін Кавказ елдері - Грузия, Армения сынды елдерді айталық, олардан жер өртеніп кетсе де тұмсығыңды тығып ақпарат ала алмайсың. Бұлардың тіпті әліпбилері де түсініксіз, өз ұлттық жазулары бар. Оларда не боп жатқанын түк түсінбейсіз, тек шетелдік БАҚ тан мағлұмат аламыз. Ал біз орыстың алақанында отырмыз.

Сосын тағы біздің сол орыс әлемінің қоластындағы БАҚ тан азықтанатын қалың өз қазағымыз бар. Олардың ішінде сол орыспен ылғи керісіп жүретін орыстілді казахский националисттер бар. Солар өздерін бір үлкен шаруа тындырып жүргендей сезінеді. Шын мәнінде олар өздері біріншіден сол әлемнің тұтқыны, сол маңнан асып шыға алмайды, тілдік байлауда отыр. Екіншіден, олардың біздің ішкі орыспен жағаласып жүрген тәсілдері қиқар баланың қылығы сияқты оспадар жабайы боп келеді. Бұнысы тек орысты өшіктіріп жүр. Сыртқы орыс осыларға қарап отырып күллі қазақ орысқа ерегісіп іс істеп отыр деп қабылдайды. Бір есептен былай қарап отырсаңыз біздің националистердікі дұрыс сияқты. Бірақ екінші жағына қарасақ - бұлардың қылығы құдды отқа май құйғыштардың қылығы тәрізді, басқа ештеңе емес.

Бізге жалпы келешекте ұлттық мәселелерді реттеп біраз нәрсені ың - шыңсыз істеп алу керек, бірақ осы екеуі оны болдыра қоймас деген күдігім бар..



Фейсбуктегі парақшасынан


Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

сенбі, 02.03.2019, 15:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31