Тіл - тас жарады...

Бізді "керемет ұлт" деп басқалар айтсын

  • Бізді

    Бізді "керемет ұлт" деп басқалар айтсын

 Біз кереметпіз , ұлымыз деп көкірек қағу бізді жақсылыққа жеткізбейді дегенді бұрында айтып жүрмін.
" Мен осы қазақты жақсы көремін бе" деп Абай айтқандай , мен де қазағымды өте жақсы көремін. Жаман дегеннің қолында өлуге дайынмын. Бірақ ешқашан " қазақ керемет" деп айтпаймын. Бізді " керемет ұлт " деп басқалар айтсын. Мен кеше қырғыз ағайындарды өздері туралы екі анекдоттарын есітіп таң қалдым және риза болдым. Сонымен :
Қазақ пен қырғыз алма ағашының астында жатыр дейді. Қазекем :
- Алма піс , аузыма піс ,- десе қырғыз бауыр көзін ашпай :

- Байке , соны ерінбей қалай айтып жатырсыз ,- десе керек. Бұл жерде олар өздерінің жалқау екендігін сарказм арқылы білдіріп отыр. Ал біз " қазақ жалқау " десе өре түегелеміз. Екінші анекдот:
Алла Тағалам жер бөліп беріп жатса керек. Қазекем атына міне салып былай да , былайда аты зорығып құлағанша шауыпты. Сөйтіп осынша жерге ие болыппыз. Ал қырғыз ағайын ұйықтап қалып жер бөлісі біткен соң құдайға келіп :
- О жаратушы ием бізге жер бермейсіз бе ?,- десе.
- Сен қайда жүрсің , жерді бөліп беріп қойдым.,- депті.
- О Тәңірім мен ұйықтап қалыппын. Мен енді жерсіз қаламын ба ? Ұрпағым қайда өмір сүрмек ,- деп жылапты. Сонда Алла Тағалам :
- Саған жер қалмады. Өзіме алып қалған дачыға арналған жерім ғана қалып еді ,- деп , Ыстық көлдің айналасын беріпті дейді . Міне қырғыз ағайындарды өздері туралы анекдоттары. Біздің өзімізді өзіміз сынаған осындай бір ащщы әзіліміз бар ма?

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.12.2019, 14:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31