Бізде 92 млрдқа жөндеуден өтетін көше бар. Басқалары ондай ғажайыппен мақтана алмайды
Кейде осыны көріп күйіп кетесің ғой іштей. Магнумда балаларға керек заттарды алып жүрмін. Бағалары айтарлықтай арзан деп айта алмаймын. Бірақ мәселе ақшасында емес. Мәселе 30 жыл бойы балаларға арнап не ботқа, не памперс, не шырын шығармайды екенбіз ғой. Тек қана сатып алушы қоғамбыз, өндіруші емеспіз. Жылына әрқайсымыз бірнеше миллионға түрлі өнім сатып аламыз. 95% өзге елде өндірілген заттар. Көбісі өзіміз ұнатпайтын Ресей мен Қытай тауарлары. Сөзбен жек көреміз, ал іспен қаржылай сатып алып, содардың эконoмикасын қолдаймыз. Амал жоқ, өйткені өзіміз өндірмейміз. Алуға тура келеді.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан