Тіл - тас жарады...

Бізде біреу ақша ұрлап істі болса, ол міндетті түрде "қазақтың аптал азаматы" боп шығады"

  • Бізде біреу ақша ұрлап істі болса, ол міндетті түрде

    Бізде біреу ақша ұрлап істі болса, ол міндетті түрде "қазақтың аптал азаматы" боп шығады"

Менің жақсы бір ағам Германияда болғанда, ол жақта неміс жолдасымен кездесіп арқа - жарқа әңгіме айтып Германияның үлкен қалаларының бірінде сәулетті көшелердің ортасын мәшинемен тіліп келе жатса керек.
Сонда ағамыздың қасындағы жолдасы оқтын-оқтын жан жағына қарайлап, қалтасынан телефонын алып, біреуге звандап отырыпты.
Кейін ол мәнісін білсе, ол неміс азаматы, көшедегі жол ережесін бұзған мәшинелерді байқап қалып олардың нөмірін дереу орталыққа хабарлап отырған екен. Үп үлкен абыройлы азаматттың бұл ісіне таңғалған ағамыз, "өй мұның не, тоқылдап" десе әлгі неміс "олар заң бұзды ғой" деп бұған таңғалған көрінеді.
"Біз неміс халқы еңбекқор халықпыз, күллі әлем бізді өнеге тұтып құрметтейтін біздің тағы бір жақсы қасиетіміз — ол біздің тәртібіміз, ал бізді тәртіпті етіп отырған нәрсе біздің ортақ заңдарымыз, немістер заңға бағынады, өзгеден де сондай жауапкершілікті талап етеміз" депті әлгі неміс.
Ол рас.
Жапондар да сондай халық.
Сингапурде жұмыс істейтін бір жапон компаниясының бухгалтері, компания жұмыскерлерінің бір айлық жалақысын дұрыс есептемей қателесіп, соған қатты өкініп қолына жіп алып асылып қапты.
Оны естіген Сингапур басшысы Ли Куан Ю шок бопты. Бұдан соң ол дереу өз халқының осындай үлкен жауапкершілік арқалаған, заңшыл, арлы халық болуына өзінің бар күш жігерін жұмсапты.
Жапон басшылары қызметте заң бұзса, қателік жасаса жыламсырап, тізерлеп кешірім сұрайды.
Ал қарапайым халқы әлгіндей асылып жатыр.
Кәрістер де осыған ұқсас.
Батыс елдерінің жақсысы да жаманы осындай орта қалыптастырып үлгерді.
Олар бұны озық өркениеттің басты қағидаттары дейді.
Меніңше, бізге бұндай тәртіптің, мәдениеттің ауылы алыс.
Бізде біреу театрдың ақшасын ұрлап істі болса, ол міндетті түрде "қазақтың аптал бір азаматы" боп шығады".
Оны халықтың өзі ақтап алады.
Екінші әкім тағы істі боп жатса, ол да міндетті түрде "бір тектінің ұрпағы, асылдың сынығы" немесе "ол кезінде көпір салған, бүйткен сүйткен" деп олардың ақтаушылары да көп болады.
Бұл бізде қалыпты жағдай.
Үшіншілері "елдің алдындағы әйгілі сайқымазақ, әнші-күйші біртуар азамат еді" дегендей..
Бізде халықтың өзі заңды талап етпек тұрмақ, ол заңды ұра қоймайды.
Бізде қазір не көп, ұры көп. Сосын әлгілерді ақтамақ үшін басындағы осындай кашамен біздің халық өзінің бір қыртқан параллелін жүргізеді.
"Өзге үлкен ұрыларды, заң бұзғыштарды неге айтпайсыңдар, олардың қасында бұлардыкі ұрлық емес мелочь қой, бұлар тағы халық азаматтары" дегендей.
Ал бізде небір жүнтөс, мұрты бұзылмаған, ешбір заңды пысқырмайтын ұры қарыларымыз жетерлік.
Расында бұ жерде біздің сол үлкен ұры - заңбұзарлар біздің кішігірім заңбұзарларды халық алдында біраз құтқарып ақтап алуға жол беріп жүр.
Біздің халық осының ара-жігін ашпайды. Ұрлық, заң бұзушылықтың үлкен кішісі болмайтынын түсінбейді.
Жаратушы "өзі өзгергісі келмеген қауымды мен өзгертпеймін" деген екен.
Біз өзгерер ма екенбіз әлде осы кеткеніміз кеткен бе?

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2138    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 01:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30