Бізде ұсталғандар күнәһар, ұсталмағандар періште
Адамдар "еркек" және "әйел" болып бөлінеді деп ойлаған едім. Алайда өмір мен қоғам, бізге "шенеунік" деген үшінші пендені қосқан тәрізді. "Шенеунік" тойға бармайды, караокеде өлең айтпайды, дискотекаларда билемейді. Почти Жебірейіл.
Германияға барып, көңіл көтеріп, видеосы әлеуметтік желіге тараған магистранттар туралы пікір білдірдім. Қысқасы, бізде "тығылып биле", "бүркеніп іш", "көрсетпей қорқор шек", "есікті жауып өлең айт" деген фәлсәфә орнаған тәрізді.
Біздің министр/әкімдердің қалай демалатынын бір Жаратушы мен Кәрім Қажымқанұлы білетін шығар. Бірақ бізде ұсталғандар күнәһар, ұсталмағандар періште. Көзбояушылық. Өкінішті.
facebook.com парақшасынан