Тіл - тас жарады...

Бізде вирусқа қарсы қандай шаралар жүргізіліп жатыр? Әлде міндетті түрде біреу өлу керек пе?

  • Бізде вирусқа қарсы қандай шаралар жүргізіліп жатыр? Әлде міндетті түрде біреу өлу керек пе?

    Бізде вирусқа қарсы қандай шаралар жүргізіліп жатыр? Әлде міндетті түрде біреу өлу керек пе?

Корона вирусқа (күніне 400% жылдамдықпен жайылып бара жатқан) байланысты Қазақтан басқа қытаймен көрші елдер өз ішінде ауру анықталмаса да жаппай күшейтілген жағдайда алдын алу шараларын бастап кетті.
Себебі, ол ауамен де тарайтындықтан күтпеген жерде қиын жағдай орын алуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.
Мысалы Монғолиядан хабарласқан бір адам "бүкіл қытаймен шекара бекеттері жабылды. Барлық ауылдарына дейінгі мектептерді 1 айға жапты. Денсаулық министрі өз басы телеарналардан жағдай мен атқарылып жатқан іс шаралар туралы әр сағат сайын есеп беруде. Кеше ғана Жапониядан зерттеулер мен бақылаулар жасайтын арнай құрылғылар мен аппараттарды шұғыл алдырған. Шұғыл түрде бүкіл республика бойынша дәргери қызметтер үшін қосымша қаржы бөлініп олардың күндіз-түні күшейтілген жағдайда қызмет жасауына мүмкіндіктер жасаған. Ухан қаласындағы отыз шақты студентін және басқа азаматтарын алдырып, арнайы бөлек орында зерттеп тексеру үшін орны дайындаған және "біз студенттерімізді, азаматтарымызды ол жерде қалтырмаймыз. Өзіміз алып, оқшаулап қараймыз..." деп мәлімдеген. БҰҰ'ның денсаулық саласы қызметкерлері қалай, әрекет етіп, не істеу керектігі жайлы, нұсқаулар айтуда. Бүкіл телеарналарда қалай сақтану туралы жақсы тамақтану, қолды жиі сабындап жуу, жеміс-жидек жеуді тоқтату, жылқы етін жақсы жеу сияқты насихат жұмыстары жүрілуде.
Ал сендердің телеарналарыңды қарасам бейқам, күнделікті өсек-аян, концерт, баяғы көңіл-күй. Сендер бізден қарағанда аты да заты да үлкен мемлекет емессіңдер ме?.." деп таңқалып отыр.

РАСЫМЕН, БІЗДЕ НЕ ШАРАЛАР ЖҮРІЛІП ЖАТЫР? ӘЛДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БІРЕУ ӨЛУ КЕРЕК ПЕ?
БІЗДІКІЛЕР АСТАНА АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН АСА АЛМАЙ ЖАТЫР МА?

Serik Omirtay
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31