Тіл - тас жарады...

Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді...

  • Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді...

    Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді...

Төзбеушілік пен шиеленіс психологиясының негізгі себебі кедейшілік. Халқымыз жұтаң, кедей тұрады. Көпшілігі "сіңірі шыққан" кедей. Кедей адамның санасы "туннелдік" келеді. Айналаның бәрі қараңғы-түнек, жау тәрізді көрінеді.
Мемлекетіміздің ең өткір мәселесі осы!
Сонан кейін "қазақ еріншек", "қазақ жалқау" деген сөздер заңдылыққа айналған. Шынында, олай емес. Қазақ еңбекқор халық, еңбек етуге жағдай жасау керек. Заң бойынша тиесілі жағдайды жасап беру керек.
Ауыл-аймақта жер беру мәселесін алайық. Басқалар келіп, алдап-сулап, әкім-қараларды жағалап жүріп, сол жерді алып кетеді. Қаракөз өз жерінде тұрып, басын сыйпап қалады.

Қаладағы қызмет ету саласына келсе, несиенің үстем ақысы удай. Барлық тапқан-таянғанын банкіге беріп, әзер дегенде құтылады.
Үйленіп, өзіне үй салайын десе, жер жоқ. Заңды он сотогын алайын десе, тағы да, жол жоқ. Ал басқа сол жерді ебін тауып, алып кетеді.
Өз үйіңде жетімнің кебі деген осы. Ең бірінші, осы теңсіздікті жою керек. Заң баршаға бірдей. Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді.

Еліміздің Конституциясын орындау Қазақстанның барша азаматтарының міндеті! Қазақ тілін меңгеру баршамыздың борыш!
Осы мәселені шешу бейбітшіліктің кілті. Тәртіп пен заң баршамызға ортақ.  Осы негізгі императив болуы керек. Халықтар достығының "боз торғай жұмыртқалаған заманы" осы кезде орнайды.
Елімізде адамгершілік, инабаттылық, сыпайылық заңдылыққа айналады.

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29