Тіл - тас жарады...

Біздің депутаттарымыз басын құмға тығып алған түйеқұс сияқты селт етпейді

  • Біздің депутаттарымыз басын құмға тығып алған түйеқұс сияқты селт етпейді

    Біздің депутаттарымыз басын құмға тығып алған түйеқұс сияқты селт етпейді

НАМЫСЫҢДЫ ҚОРҒА, ДЕПУТАТ!

Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілетті органдар депутаттарының кезекті сайлауы да өтті. Бұл жолы Мәжілістің де, мәслихаттардың да құрамы айтарлықтай жаңаратыны қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Өте дұрыс. Әйтпесе, депутат мандатын қалтасына салып алған кейбіреулер одан өле-өлгенше айырылмауға бар. Бұл енді бөлек әңгіме. Ал менің қазір айтқалы отырғаным-осы депутаттар неге өздерін қорғамайды, неге партияның, Парламенттің қызметіне қатысты көтеріліп жатқан ашық әңгімелерге қатыспайды? Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желілерде, былайғы жұрттың арасында да Парламент депутаттарын сынаушылар өте көп. Тіпті саясаттан алшақ , ішкі мәдениеті төмен кейбіреулер әйтеуір, "тисе - терекке, тимесе - бұтаққа" дегендей, аузына не келсе соны айтып жатады. Осы күнге дейін өзім пайдаланып отырған әлеуметтік желілерде соларға бір депутаттың жауап қатып, дәлелді сөзін айтқанын кездестірмеппін. Айталық, кейбіреулер депутаттарды шыбық басын сындырмайсыңдар, қазынаның ақшасын текке шашып отырсыңдар, арамтамақсыңдар деп кіналайды. Осыған жауап беруге болады ғой. Шын мәнінде Парламенттегілердің бәрі бірдей қалталарына қолдарын салып, бос селеңдеп жүрген жоқ. Онда да қайнаған жұмыс. Қабылдануға тиіс заңдардың жобалары үйіліп-төгіліп келе береді. Оларды талдау, талқылау керек. Толып жатқан комиссиялар, іс-сапарлар... Қайсын айтып тауысасың, басқа да жұмыстар бастан асып жатыр. Соны күн сайын болмаса да халыққа ара-тұра әлеуметтік желі арқылы түсіндіріп отыруға, Парламенттің, депутаттардың қызметіне қатысты теріс пікірлерін өзгертуге болар еді ғой. Жоқ, біздің депутаттарымыз басын құмға тығып алған түйеқұс сияқты селт етпейді. Әдетте, "сен тимесең мен тимен" деуші еді, терілері сондай қалың болар ма, бұларды іреп, сойып жатсаң да қыңқ етпейді. Мұның бәрін неге айтып отырмын. Жаңадан сайланған депутаттардың құлағына алтын сырға! Ел сеніміне ие болып, саясат сахнасына шыққан екенсіздер, халықпен бірге болыңыздар, олардың аманатына, өкпе-назына әркез сергек қараңыздар! Орынды сыннан қорытынды жасаңыздар, ал сын орынсыз болса, текке күйдіріп жатса, жасымаңыздар, жасқанбаңыздар, ашық сайысқа шығыңыздар! Намысты қолдан бермеңіздер!

Жарасбай Сүлейменов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2607    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 14:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30