Біздің ел жұртқа жағарлық бір жоба енгізсе, оның шикілігі бірге ере жүретіні несі екен?!

12 сәуір 2018, 13:10

Өткендеее Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары "біз керемет онлайн бағдарлама енгіздік. Енді өмірге сəби келген кезде анасына sms-хабарлама арқылы құттықтау хат жіберіледі де сол хатқа жауап беріп, баланың аты-жөнін жазғандарға бірден туу туралы куəлік жəне балабақшаға жолдама жазылады. Таңертең жауап болса, түстен кейін құжаттар дайын болады. Оған қоса, баланың жөргекпұлын алу үшін қандай құжаттар қажет екені туралы ақпарат беріледі" деген-ді. Əлгі "сиқырлы" хабарлама бізге қашан келеді деп біз жатырмыз күтіп)). Ал бүгін біз жатқан перзентханаға ЦОН-ның адамдары келді. Айтуынша, баланың аты-жөні белгілі болса, туу туралы куəлікке анықтама қағаз бермекші. "Сіздердің əлгі жұртқа мақтанып жүрген супер-пуппер онлайн қызметтеріңіз қайда?" десем, "ой, ол сіздерге келмейді" дейді. "Ойбай, неге? Тоқалдан тудық па?" десем, "Жоғааа, бұл онлайн қызмет 2008 жылдан бастап, некеге тұрғандарға ғана келеді. Одан ерте некелескендер бағдарламаға енгізілмеген. Сондықтан бұрынғыдай анықтама қағазбен ХҚКО-ға барып, туу туралы куəліктің дайын болғанын күтесіздер. Үш күннен қалсаңыздар, куəлік екі апта дайындалады" дейді. "Мəəə, осыдан алты жыл бұрынғы жағдайдан түк өзгермепсіздер ғой" дедім сосын. Опщм, смс-хабарламадан бəріңіз бірдей дəметпеңіздер дегенім ғой)). Əйтеуір, біздің ел бір жұртқа жағарлық жоба енгізсе, оның шикілігі бірге ере жүретіні несі екен?!

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан