Тіл - тас жарады...

Біздің жағдайымыз көк тиын шығынданбаған Беларусьқа жетеқабыл...

  • Біздің жағдайымыз көк тиын шығынданбаған Беларусьқа жетеқабыл...

    Біздің жағдайымыз көк тиын шығынданбаған Беларусьқа жетеқабыл...

Ковидке қарсы күрес үшін бөлінген қаржылар мен сол елдердегі эпидемиологиялық ахуал мынандай болып тұр.

1. Грузия үкіметі індетке қарсы күреске 107 млн доллар бөлген. Бар болғаны 953 тұрғын кви жұқтырып, оның 830-ы жазылып шыққан. Қайтыс болғандар 15 адам. Бүгінде Грузия ауруханаларында қауіпті кесел жұқтырған 108 адам ғана қалыпты.

2. Моңғолия үкіметі бұл індетке қарсы күреске 35-36 млн доллар жұмсаған. Бар болғаны 220 адам кви жұқтырған. Оның 188 құлан-таза айығып шығып, қазір 32 адам ғана ауруханаларда ем-дом қабылдап жатыр. Бірде-бір адам өлмеген!

3. Өзбекстан. Коронавирусқа қарсы күреске 1 млрд доллар бөлген. Бүгінде індет жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Қайтыс болғандардың саны 36.

4. Беларусь. Лукашенкао эпидемияға қарсы көк тиын да қаржы бөлген жоқ. Бүгінде кесел жұқтырғандар саны 65 мыңға жуық. Қайтыс болғандар 400 адамнан асқан. 50 мыңнан астам адам жазылып шыққан.

5. Қазақстан. Коронавирусқа қарсы күреске 13,5 млрд доллар бөлді. Ресми сттатистика бойынша індет жұқтырғандар саны бүгін 50 мыңға жуықтады. Қайтыс болғандар 200ге таяды. Бұған "жұмбақ пневмониядан қайтыс болғандарды" қоспағанда.

 


Қорытынды: Қаржы неғұрлым аз бөлінген елдерде жағдай өте жақсы. Ал біздің жағдайымыз көк тиын шығынданбаған Беларусьқа жетеқабыл. Тіпті, күн сайын індет жұқтырғандар саны бойынша алда келеміз. Бүгін бір тәулікте Қазақстанда 1400-ден астам адам кесел жұқтырса, Беларусьта бір тәулікте кви жұқтырғандар саны 300 адамға жетпепті.
Тіпті, Өзбекстан да бұл індетке қарсы күреске бізге қарағанда 13,5 есе аз қаржы жұмсады. Бірақ біздегі коронавируспен ауыратындар олардан 5 есе көп!
Неге?!

 


Пысы: Айтпақшы, Еуропа "Ремдесивер" деген дәріні ковидке қарсы ресми препарат етіп жариялапты. 6 флаконы 5 күнде індеттен жазып шығатын көрінеді. Бағасы 2400 доллар дейді. 13 млрд 500 млн долларға неше флакон "Ремдесивер" сатып алуға болар еді? Немесе 13 млрд 500 млн долларға неше адамды "Ремдесивермен" емдеп алуға болар еді?

 

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2607    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30