Біздің жоғарыдағылар қисық жүруін қоймайтын әкемнің тоқал ешкісі сияқты
Қыстың қақ ортасында сегіз сағат болды газсыз отырмыз. Түні бойы екі көшенің тұрғындары 104-ке звандап шырылдап шықты. Оператор "таңертең бірақ барады, сол кезде қосылады" деп міз бақпайды. "Ойбай-ау, бұл жерде халық тұрады ғой, жас балалар бар, қатып қалды ғой" десек өзімізге дүрсе қоя береді. Вот, Қазақстан! Бізде бәрі осындай.
Былтыр Кореяға барғанда дәл біз жатқан аурухананың тұсында канализация ма, бірдеңе жарылды да жұмысшылар келіп техникаларымен жолды қопарып жатты. Ойладым, "ее бұларда да осындай жағдайлар болады екен-ау, енді мына жолдары қашан жөнделер екен" деп. Таңертең сыртқа шықтым. Қарасам, қопарылған жердің ізі де жоқ, айналдырған екі сағатта жөндеп жарқыратып кетіпті. Нақ осы жағдай бізде болса ең кемі бір апта жатар еді шашылып.
Міне, біз түнгі сағат бірден бері газсыз отырмыз. 104-тегілер бірінші "аваринный служба кетті" деп алдады. Үште звандағанымызда "түн ортасы болса да жұмыс істеп жатыр" деп соқты. Алтыда звандағандарға "таңертең тоғызда бірақ барады"депті. Ақыры шыдамай "айналайындар-ау, бұл жерде халық бар ғой, неге алдап отырсыздар" деп едік, "халық болсаң қайтейін, мен әдейге өшіріппін бе" деп тұтқаны қоя салды да содан бері екі сағат болды тұтқасын көтермейді. Көршілер звандаса да солай. Сонда дер кезінде келіп қоспаса оның несі аваринный служба. Осыған миым жетпей отыр. Вот Қазақстан! Ана "халық болсаң қайтейін, мен өшіріппін бе" деген оператор тым құрмаса елдің жүйкесіне тиіп ойнамауды үйренбеген бе?! Сол оператор-ақ, екі көшенің тұрғындарын түні бойы жынды қылып отыр. Не дұрыс жауап бермейді, не болмаса телефон тұтқасын тастай салады. Міне, біздегі адамшылықтың, жауапкершіліктің сиқы...
* * *
11 сағат жоқ болған, газ қосылды. Көшедегілер мәре-сәре боп сүйінші сұрадық. Көшеге қосып болған соң жекелей біздің үйге кіріп, пешті тексеріп қосулы тұр, - деп жоғарысына доклад берді. "Шулататын осы осының аузы жабылса болды" деді ғой деймін. Барлық көршілерді де кіріп тексеріп шығыңыз, - дедім. Кіріп тексере бастапты.
Ал неге түнде келмейсіздер,-деген сауалыма, аваринный служба ғана түнде жұмыс істейді, біз ремонт жасайтындар тек таңғы тоғыздан жасаймыз,-дейді. Газдың өшу себебі неден, - десем, автоматы сөніп қалыпты, соны қоса салдық, - дейді.
Соны қоса салу аваринный службаның қолынан келмей ме, олар неге түнде қосып бермейді,-десем, түнде қосуға болмайды,-дейді. Сонда халық түс болғанша қалтырап отыра ма осылай десем, енді қайтеміз, жоғарының заңы солай дейді. Осы жоғарыда отырғандар қай басымен ойлайды? Біздің жоғарыдағылар қанша айдаса да қисық жүруін қоймайтын менің әкемнің тоқал ешкісі сияқты бар ғой...
Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан