Тіл - тас жарады...

Біздің қоғам өлген адам сияқты...

  • Біздің қоғам өлген адам сияқты...

    Біздің қоғам өлген адам сияқты...

Өзгеріссіз өмір өледі!


Менің бір танысым айтады: Біздің аулыдың әкімі 90 жылдарда әкім болып отырған, әлі отыр. Қысқасы дүние сәт сайын, алапат өзгерістерге бет алды, бірақ бізде жарты ғасырға жуықтады еш өзгеріс жоқ. Баяғы соғыстан қалған сияқты құлағалы тұрған үйлер, галстогын қылқынып байлаған сол баяғы әкім, еш өндіріс жоқ сол баяғы тәксистер, сол баяғы қаланың шетінде қойманың бірінде охрана болып жүрген қазақ жігіттері.
Есесіне ауылда сотталып кеткендер жетеді. Нақақ сотталатындар көп, енді бір бөлігі жұмыссыз жүрген қайран қазақтың баллары бұратана халықтар сияқты машина мініп, ел қатарлы жүргісі келеді. Содан болмашы ұрлықпен 10 жылға сотталып кете барады... Ал бір түсінбейтінім жүз мың теңге, болмаса бір тауық ұрлап, ұзақ мерізімге қаракөздеріміз сотталып кетеді. Млн доллар ұрлағандар биік мінберде жүреді... Оларға еш сот жоқ.
Сол отыз жыл отырған әкім бүгінде әлі отыр. Өзгеріс тек әкімнің шашына ақ түскен, ауылда басқа еш өзгеріс жоқ. Дүние сәт сайын өзгеріп жатыр. Бізде өзгеріс жоқ. Өзгеріс болмау деген сөз өлген организмның болмысы. Су ақпаса сасиды. Машинаның өзі жүрмесе тозады, қозғалмай бір орында жата берсең мүгедек боласың, машина қозғалмаса суықта суы қатып қалады. Өзгермеген қоғам өзін-өзі өлтіреді. Бүгіні мен ертеңі өзгемесе кері кетеді. Құдайдан басқаның бірі өзгеруге тиіс, егер өзгермеуді талап ету ол құдайдың заңына қарсылық!
Мемлекетті адам деп есептесек соның тұтас ағызасына қан айналу керек емес пе? Қан айналмай сол тұтас дене мүгедекке айналады! Мысалы, басыңнан қан алса тұтас денеде өзгеріс болады, бауыр жаңа қанды тұтас денеге тасымалдайды, есесіне адам денесі жаңа күш пен қуатқа ие болады. Өзгеріс деген осы.
Қысқасы біздің қоғам өлген адам сияқты. Қан айналмаса адам өледі. Әлгі жалған ұлтшылдар халыққа қозғалма, жат, ұйықта деп норкоздай берсе халықты өлтіреді. Олар бір ұлттың жер бетінен құруына себеп болады.

Серік Боқан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1712    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31