Тіл - тас жарады...

Біздің қоғам осындай: біреу келіп тазалап бермесе, нәжісті басып жүре береді...

  • Біздің қоғам осындай: біреу келіп тазалап бермесе, нәжісті басып жүре береді...

    Біздің қоғам осындай: біреу келіп тазалап бермесе, нәжісті басып жүре береді...

«Біздің қоғам – нәжісін басып жүрген қоғам» деп еді бір кісі, сол ағамыздың айтқаны рас екен. Қаладағы қай жерге кірсең де, туәлетінің іші ойран-топыр болып жатады. Асықпай отырып, қиялға ерік берейін десең, басыңдағы толып тұрған пәлсапаның бәрі жоқ болады. Идеяның көбі туәлетте келетіні рас. Қалжыңдаймын, туәлетте ойланып отыруға болмайды. Намаз оқитындардың өзі де кейде әжетханадағы тазалыққа мән бермейді. Қанша рет көрдім, туәлетке кіргенде унитаздың маңайы тап-таза болып тұрса, кірген адам да былғамауға тырысады екен. Ал егер кішкене болсын былғанып жатса, әлгіні үсті-үстіне былғай береді. Мен өзім бір мекеменің туәлетіне кіргенде, сол жерде тазалайтын адамды да ойлаймын. Адам деген қалай болса солай шаптырып, маңайының бәрін бүлдіріп жүре беретін эгоист болмауы керек қой. Вадимның постынан оқыдым ғой деймін, бір мекеменің туәлетіне аттап баса алмайды екенсің. Содан бір күні әлгі мекемеге үлкен адам келетін болады. Өзі бекзаттау, ақсүйектерге тән мінезі бар кірпияз, таза адам екен. Сонда істейтін адамдардың бәрі ол қалай туәлетке кіреді екен деп күліп жүріпті. Әлгі кісі келеді де, қолына шелек алып, әжетхананың ішін жуып шығып, әбден тазалап болғаннан кейін барып бір-ақ кіреді. Біздің қоғам осындай: біреу келіп тазалап бермесе, жуып бермесе, нәжісті айдап басып жүре береді...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31