Қаланың шетінде тұрамыз. Шеті деп алыс қылып жүрген тағы өзіміз. Негізі қаланың нақ өзі. Қоғамдық көлік зырылдап жүріп тұрса Алматы 1 вокзалына 10 минутта жетуге болады. Ал біз бұл ретте өркениетке жете алмай жүрміз. Қоғамдық көлігіміз СССР-дан қалған пазик автобус). Оны бір сағат тосамыз, оның әңгімесі бөлек). Үйден аялдамаға жететін жол тіпті жап-жақын. Бірақ сол жақын жолдың өзі бізге алыс. "Жақыным алыс боп кетті", дегеннің төркінін осы үй арасындағы жол мықтап ұғындырып жүр. Асфальт төселмеген жолмен қысы-жазы жаңбырда, тайғақта "лебединое озера" билеп аялдамаға жетіп аламыз әйтеуір. Кешке жұмыстан қайту үшін кәлиманы айтып, фонарикті жолға түсіріп қайтамыз. Көшемізде прожектор жок, тас қараңғы өйткені. Батырға да жан керек, көшедегі иттің бәріне үйдегі нанның қалдығын беріп, сүйек-саяқ лақтырып жүріп дос боп алдық)). Суды үйге өзіміз кіргізіп алдық, скважина қаздырып. Газды өзінен-өзі өзіміз кіргіздік. Оған өкпе жоқ. "Енді жолды өзіміз жиналып жасатайық" десең көршілер "үкіметтен үміт күтейік" дейд). Соңғы үш жыл болды, "біздің көшеміз центр болады екен" деп. "Көшеміздің бойына үлкен супермаркет салынады екен, халықаралық жолға айналады екен, көпір салынады екен" дегелі біраз болды. Сосын қуандық енді, центр болса центр болсыншы деп. Бірақ көшенің центр болатын түрі көрінбейді. Арасында "осы біздің көше центр болғанша, мен кемпір болатын шығармын" деп ойлап қоям))).
Негізінде, біздің үкіметке инфрақұлымды жасауда адалдық жетіспейді. Барлығы ақшаны жымқыруды ойлап тұрады. Ал ақшаны жеп қоя берсе, бір еліңіз не, бір ауданды өркениетті ету үшін бізге елу жылда жетпейді. Сосын кемпір болмағанда неміз қалады енді))).
Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан