ДАМЫҒАН ОТЫЗ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛАМЫЗ ДЕГЕНГЕ КҮЛУ ДЕ САТҚЫНДЫҚ, САЙҚАЛДЫҚ!

10 сәуір 2021, 09:17

Батпақ жолды салған постымды біреу бөлісіпті.  Өзім күткендей оған біреу "дамыған отыз елдің қатарына қосылған түріміз осы" деп қуанып коммент жазыпты. 

 

Мен сіздерге айтайын,  отыз елдің қатарына  қосылу осы көшеге тіреліп тұрса,  ол биыл асфальтталады. 

 

Ал бірақ мына қоқыстар келер жылы да шашылып жатары анық.  Себебі ақша бөліп адамдардың санасын өзгерте алмайсың. 

Дамыған елде адамдар көшеге қоқыс лақтырмайды.  Яғни ар ұят санамен, отан алдындағы жауапкершілікпен теңесу керек дамыған елмен. 

 

Билікті кіналайсың.  Билік аспаннан түскен жоқ,  осы жауапсыз,  біреуді кіналағыш ортадан шықты. 

 

Көп түзелмей,  ещтеңе де оңбайды.  Дамыған отыз елдің қатарына қосыламыз дегенге күлу де сатқындық, сайқалдық! 

 

Сонда не,  көтінен кері кеткендердің қатарына қосыламыз деу керек пе?  Жоқ,  жақсыға ұмтылу керек,  жақсы болуға үлес қосуымыз керек әрқайсымыз. 

 

Өзіңнен бар жауапкершілікті алып тастап,  үнемі кінәлі іздеп, біреуді боқтап отыру ит деп сөгуге де татымайтын қасиетсіз сорлының ісі.

 

 

 

Дауренбек Абдибеков

Фейсбуктегі парақшасынан