Тіл - тас жарады...

Дамып келе жатқан елдің ортағасырлық заманға оралуына не себеп болды?

  • Дамып келе жатқан елдің ортағасырлық заманға оралуына не себеп болды?

    Дамып келе жатқан елдің ортағасырлық заманға оралуына не себеп болды?

Француз ғалымы, арабтанушы Жиль Кепель: «Исламистер саясат пен қоғамға енбестен бұрын өз соғысын Мәдениет саласында бастады. Бұл майдан бір дүниетанымды басқа дүниетаныммен айырбастау үшін яғни ұлтық болмысқа қарсы ашылған еді. 60 жылдары қоғам назар аудармаған азғантай белсенділер мен интеллектуалдар Исламистік мәдени революция жасады» - дейді. Оның мысалы ретінде Иранды алсақ болады. 1978 жылға дейін аталған мемлекет экономикасы қарқынды дамыған, Қытай мен Оңтүстік Кореядан озған «Ондықтың» ішіндегі ел еді. 1950-70 жылдар арасында университеттер мен колледждер саны 4 есе өсіп, жастары бюджет ақшасына АҚШ, Франция, батыс елдерінде оқып жатты. Ал қазір әйелдері қара жамылып, еркектері сақал жіберіп, әлемге ислам мәдениетін емес, керісінше қорқыныш ұялатушы мемлекетке айналды. Өркениетке жалғасып, дамып келе жатқан елдің ортағасырлық заманға оралуына не себеп болды? Неге? деген сұрақтар пайда болуы заңдылық.
Жауабы белгілі, 1978-79 жылдардағы революция. Билікке молла Р. Хомейни келеді.
1963 жылға дейін бедел жинаған Хомейни, осы жылы шахтың «ақ революция» саясатына яғни әйелдерге дауыс беруге, басқа діндегілердің түрлі кеңестерге сайлануына наурыз мейрамына қарсы шықты. Үкімет молданы мемлекеттен аластатып жібереді. Осылайша Хомейни 15 жыл шетелде өмір сүреді. 1970 жылы 12 лекциядан тұратын «Ислам үкіметі» немесе «Заңгер билігі» сияқты түрлі аттармен аталатын еңбегі Иранға жасырын кіргізіледі де халық арасында құпия таратыла бастайды. Қорытынды, 1979 жылы әлемге Иран Ислам Республикасы дүниеге келеді.
Бұнымен не айтқым келеді? Біздер де мәдениет саласына еніп бара жатқан салафиттік-уахабиттік ағым өкілдерінің, оның бір мысалы «Тәлім trend» сияқты бағдарламасының ұлттық телеарналарға еніп бара жатқанын байқамай, байқасақ та көрмеген адамдай отыра берсек, келешекте көселер жұмыс таппай қиналып жүрмей ме? Революцияға 12 лекция жеткілікті болса, бір күні 12 бағдарлама жеткілікті болды деп жазып я жылап отырмайық. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік» заңының 6 баптың 1-ші тармағында Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері ретінде: «Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы» деп көрсетілген. Әрең оралған Халқымыздың мәдениеті мен мұрасына бекем болайық.

Саят Ыбырай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31