Дәрігерлердің түрі анау, кейбірі қылмыскер, кейбірі медицина королі
Медицинамыз кедей, құрдымға кетіп бара жатқандай сезіледі. Дәрігерлердің түрі анау, кейбірі қылмыскер, кейбірі медицина королі. Әр бір жасаған еңбегі, алған марапаты біз үшін міндет. Ақша берсе көңілі көтеріледі, ақша бермесе давлениясы түсіп пациентті өсектейді. Сонда жеті жыл не оқыды? Балық басынан шіриді дегені рас, демек универ мұғалімдері жетік маман емес, кілгей өтірік жиған авторитеттерімен пайдаланып, білімсіз кадрларды жер жаханға таратқандай, күнде өкінішті жағдайды жиі естиміз. Медицина саласында жақсы жаңалық есту арман болды. Кілгей көңілі толмаған, толмайтын дәрігерлер, тіпті министрдің орнынан кетуін талап еткеніне қарағанда, демек медицина былықпен шылыққа толы. Сөйте тұра Биртанов дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тарту тиімді емес, әрі мәселенің шешімі ол емес деп отыр. Егерде жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл мәселені көтермегенде. Әлде қашан сұрауы жоқ адамдай, баланы тоңатқызшқа салама? Биртанов келгелі не өзгерді? Күнде бір дәрігер қылмыс жасағанын және бір дәрігер қылмысты жасырғанын есітіп жағамызды ұстайтын болдық. Демек, Министр қандай болса, дәрігерлер сондай. Бүйткенше медицинаны ақылы айналдырып, жанымызды шүберекке түйіп отырайық. Басқа амалымыз жоқ!!!
Камиша Есмухамбеткызы
Фейсбуктегі парақшасынан