Тіл - тас жарады...

Дежурный проблемаларды арқалап "Ауыл" да сайлауға кетті кандидаттарын шұбыртып...

  • Дежурный проблемаларды арқалап

    Дежурный проблемаларды арқалап "Ауыл" да сайлауға кетті кандидаттарын шұбыртып...

"Ауыл" партиясы съезд өткізіп, кандидаттар тізімін бекітіпті. Осы партия маған адасып жүрген, нақты партиялық қызметінің бағытын айқындай алмаған, кезекті үй тапсырмасын орындауға құлшынып жүрген оқушыдай көрінеді. Бектаев деген басшысы өзі композитор, өзі ақын. 1991 жылға дейін қып-қызыл коммунист болған. Одан бері биліктен қол үзбеген, сенатор болған, 5 жылдан бері "Ауыл" партиясын басқарады. Басшысының өзі коммунист әрі биліктен қол үзбеген соң, "саяси партия" деген сөзге жаның ашып жауып қоя салғың келеді. Бірақ өткізген сауалнамаларына, съезде жасаған баяндамаларына қарасаң, "Ауылдан" тым-тым алыс, Астанада жұмыс істейтін ұйым екенін бірден байқайсың. Сансыз рет ауысса да шеше алмаған үкіметтің болашаққа "мұра" ретінде тастап келе жатқан мәселелерін қайта тізіп шығыпты партия, халық сауалнамада айтты деп. Мысалы, "Ауыз су, газбен жабдықтау, интернет бойынша" дейді. Пандемия кезінде интернет мәселесі ушығып, асқынғанда аузын ашпаған "Ауыл" енді келіп ел ішінде интернет, ауыз су, газға қосылу сынды өткір мәселелер бар екенін біліпті. Құтты болсын!
Жыл сайын құны өсетін көмірдің бағасына "Ауыл" ықпал ете ала ма? Ықпал ете алмайды!
Шөптің бағасына ше? Жоқ, түкте істей алмайды!
Алматы маңындағы ауылдардан күнде қалаға келіп, қар тазалап, көше сыпырып жүрген ауыл адамдарының еңбек құқығын, еңбек қауіпсіздігін қорғай ала ма? Жоқ, қорғай алмайды! Сондықтан 30 жылдан бері шешілмеген, шешіліп бітпейтін, түбі жоқ, нақты жауап беретін адам жоқ - ауыз сумен қамту, газдандыру тағы сол секілді толып жатқан дежурный проблемаларды арқалап ап "Ауыл да" сайлауға кетті кандидаттарын шұбыртып...
"Ауыл" дегенде есіме түсіп отыр, сығандар баяғыда алдарына ұлы мақсат қойып, Үндістаннан шыққан екен. Содан жолшыбай ұлы мақсаттарын ұмытып қап, содан бері қаңғып жүр дейді. Қазақстан қызыл адамдардан (коммунисттерден) арылғанда "Ауыл да" ұлы мақсатын табатын шығар...

Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 950    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31