Демократиядан артқа шегіну анық байқалып тұр. Конституцияға не енгізілді?
РЕСЕЙ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ және БІЗ САҚТАНАТЫН ЖАЙТ БАР МА?
4-шілдеде солтүстік көршімізде жаңа Конституция іске қосылады. Ресей Конституциясы қалай өзгергенін қарап шықтым. Тек Конституция емес, толықтай Ресей өзгерді десе де болады. Демократиядан артқа шегіну анық байқалып тұр. Конституцияға не енгізілді? Сонымен:
1. Конституцияға өзгеріс енгізгенге дейін президент болған тұлға, Конституция өзгерген соң президенттік мерзімі жаңартылып, қайта сайлауға түсе алады. Былайша айтқана агрессор Путин қайта сайланып, тақты өлгенше иемденетін сияқты.
3. Путин түрлі мемлекеттік органдарға тағайындау, әскерді қолдану бойынша шексіз билікке ие болды.
4. Президент тақтан кетсе де, оны қорғау заңы қала береді. Яғни «неприкосновенность» толық сақталады. Путин барлық жасаған қылмыстары үшін өзін осылайша қорғап қалмақ-ау.
5. Бұрын Конституциялық сотта 19 адам болса, енді 11 адам болады. Оны Путекең таңдайды.
6. «Отанды қорғау жолында қаза тапқандарды айыптау, күмән келтіруге тыйым салынады». Яғни Кеңес-Герман соғысын меңзеп тұрғаны анық.
7. Ресей Федерациясының негізгі тілі орыс тілі болсын және ол мемлекетқұраушы ұлт тілі ретінде мәртебеге ие. Яғни осы арқылы жаулап алған, бодандықта ұстап отырған өзге республикалардың тіліне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр. Конституцияда бұрын «мемлекетқұраушы ұлт тілі» деген болмаған.
8. "Ресей Федерациясы өз жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қатаң күзетеді" деген бұрынғы пунктіге енді «өзге мемлекеттермен демаркация, делимитация, редемаркацияны қоспағанда» деген енгізіліпті. Бұл дегеніміз не? Яғни бұлар болашақта басқа жерлерді не қосып алуды және оны заңмен негіздеуді ойлап отыр, не Куриль сынды кей аймақтарды сатып жіберуді қарастырып отыр.
Қысқасы бұлардың Конституция өзгертуі қуанарлық жағдай емес. Путин кемі әлі он жыл отыратын заң жасап алды. Біз оның сол он жыл ішінде тағы қандай қадамға барарын білмейміз. Жиырма жылдық билігінде Путин Грузияны шауып, бауырлас Украинаның бір бөлігі Қырымды ортағасырлық жабайылықпен тартып алды. Осетия, Абхазия тағы бар. Күллі әлеммен ренжісіп бітті. Сирия сойқанында жүр. Біз дереу солтүстікті қолға алып, қазақты көптеп қоныстандырып, Ресеймен өтірік дос кейпін ұстанып, бетіне өтірік күліп, іштегі орысқұлдарды да назардан тыс қалдырмай, барынша бейбіт уақытты созуға тиіспіз. Қарулы күштердің, экономиканың мығымдығын арттыру шарт.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан