Таныстарыңыз бар ма?
Құдайға шүкір, көп адамдар маған: "Танысың бар ма?", - деп хабарласады. "ГАИ ұстап алды, звандайтын танысың бар ма?", "Үйге кезекке тұрайын деп едім, акиматта танысың бар ма?", "Жер алайын деп едім, земельныйда танысың бар ма?", "Жұмысқа тықшы, таныстарың көп қой", "Оқушым олимпиадаға өтіп еді, комиссияда таныстарың бар шығар", "Ғылыми жұмысты қорғау үшін таныс керек екен" деген секілді өтініш-қоңыраулар көп. Шалбарымның тізесіндегі жыртықты шапаныммен жауып жүретінімді қайдан білсін. Ойбай-ау, бізде таныссыз ештеңе шешілмейтін болған ба? Қандай шіріген қоғамға тап болдық? Осы шірітіп жатқан дертке шалдыққан қоғамды емдейтін таныстарыңыз бар ма?
Бейбут Буженов
Фейсбуктегі парақшасынан