ЕАЭС бұзық біреудің қасына төрт баланы отырғызып алып, жібермей отырған көріністі көз алдыма келтіреді
"ЕАЭС біздің кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік болды, экономикаға серпін берді" дегенді блохерлерден оқығанымда, тәпішкеме дейін қарқылдап күледі. Сұр сұйықтықтары менің үш жасар баламның ойлауынан төмендеу сияқты.
ЕАЭС-ті жатып кеп мақтайтын жалдамалы блохерлер қарапайым қазақ кәсіпкерлері шығын шегіп жатқанынан хабары бар ма екен? Жалпы бұл одақтың саясиланып бара жатқанын көре ма? Болашақта елдің тәуелсіздігіне үлкен қауіп төндіруі мүмкіндігін жоққа шығара ма? Әй, бірақ оларға бәрібір сияқты, ақшасын төлесе Голощекинді де мақтай беретін шығар.
Ал ЕАЭС дегеніміз не? Бұл бір одақта болғысы келмейтін елдердің бірлестігі. Қазақстан мен Қырғызстанды Армения ұнатпайды. Себебі сол Әзірбайжанмен бауырластық мәселесі бар. Белоруссия мен Ресей өзара "соғысып" жүр. Қазақстан мен Қырғызстан шекарада қымталып, жиі бір біріне бұртиып қалады. Ресей мен Қазақстан арасында фуралар тоқтап қалатын жайттар бар. Жалпы іштей сауда соғысы жүріп жатыр. Ол ақиқат.
Бұл одақта Ресейден басқа ешкім болғысы келмейді. Өйткені Ресей өз ойынын жүргізіп отыр. ЕАЭС бұзық біреудің қасына төрт баланы отырғызып алып, үйіне жібермей отырған көріністі көз алдыма келтіреді. Ешкім ол топта болғысы келмейді. Үйіне кетейін десе жаңағы бұзықтан қорқады.
Жалпы Қазақстан бұл одақтан шығуы тиіс деп санаймын. Қант жеп, сүт ішіп, көмірге жылынып отырған сәтте, жалдамалы блохерлер сол кәсіптен шығын шеккен кәсіпкерлерді еске алыңдар.
ПыСы: Күндердің бір күнінде Батыс әлемі ЕАЭС-ке санкция салуды қолға алуы мүмкін. Әзірге ол тек қана Ресейді ұрғылауда. Бірақ сондай жайт орын алса (бетін аулақ әрине), онда еаэссүйгіш блохерлер не дейді екен? "О мына санкция мықты болды, енді біз сырттан ештеңе алмай, ішкі өнімімізді дамытуға мотивация алдық" дейтін шығар) Олардан бәрін күтуге болады. Сол блохерлердің біразы мені оқиды. Менің басқа посттарыма лайық басып, пікір жазады арасында, бірақ дәл осындай посттарды көрмегенсіп отырады ғой сабаздарың)
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан