Тіл - тас жарады...

Еден жуушы жұмысқа парамен тұратын елде, полиция қызметі ешқашан тегін болмас

  • Еден жуушы жұмысқа парамен тұратын елде, полиция қызметі ешқашан тегін болмас

    Еден жуушы жұмысқа парамен тұратын елде, полиция қызметі ешқашан тегін болмас

АЙТУҒА ОҢАЙ ЕМЕС!


Біздің қоғамды, баршамызды жауапсыздық жайлап алған. Ойласақ та (әрине, ой үшін өзің мен Құдайдан басқа ешкім соттамайды), сөйлесек те, ұсынсақ та, істесек те!
Сынасақ, сындырғанша сынаймыз; мақтасақ, өлтіре мақтаймыз.

Балаларды қараусыз жібереміз. Бала бақша мен мектепке, ЖОО-ға, көшеге, көршіге, көлденеңге, билікке сенеміз, ысыра саламыз.
Билікті төңкерейік дейміз. Төңкергеннен соң не істерді білмейміз. Тарихтан сабақ алмаймыз.
Жалпы 1997-99 жылдардан бастап оқуды қойдық. Өйткені ЖООға мектеп жұйесінен нашар контингент келе бастады. Әуелі ауылдың, ауданның ыдырауы, тұрмыстың тозуы, мұғалімнің, ата-ананың азуы, содан соң ТЕСТ негіз болды.
Сондықтан, жиырма жылдан астам ешбір салада дұрыс маман дайындап жатқан жоқпыз. Өзі оқып жатқан талапты, жауапты, таланттылар бұл есепте жоқ.
Гуманитарлық білім, оның ішінде хұқықтық білім де төмендеп кетті. Органдарға қызметке тұрғызу бизнес болды. Еден жуушы жұмысқа парамен тұратын елде, полиция қызметі ешқашан тегін болмас. Енді ойлай беріңіз кім полиция, кім прокурор, кім судья, дәрігер, мұғалім, мемқызметкер, құрлысшы, инженер, әкім...?! Бәрі емес.
Қылмыстылықпен күресейік, атайық, асайық, тұқымын тұздай құртайық дейміз.
Педофилге өлім жазасы дейміз. Жақсы солай-ақ болсын. Былтыр ғана бір талантты жас педофилизммен айыпталып, сотталды. Жазықсыз еді, жала жапты, тергеу мен сот фальсификация, айыптау бағытында жүрді деп президентке дейін араша сұрап хат жазылды.
Кімге сенеміз?! Рас кінәсіз болса ше?
Әділдік іздеп, ғұмыр бойы соттасып келе жатқан байғұстар бар!
Әлі күнге дейін Қодар мен Қамқа оқиғасының ақ-қарасын айыра алмай, посттар жазылуда, мен сенбеймін деушілер табылуда. Қанша жыл өтті? Тіпті ғасырмен санасақ, өткен ғасырдан бұрынғы ғасырда!
Иә, Адам баласы сондай, сенім мен сезік, күдік пен күмән ортасында жарға басын соғумен келе жатыр.
Бір қылмысты ашамыз дегендер өздері басқа қылмыс жасаса не болады? Көзге іліккен, қолға түскеннің бәріне сол жерде жаза қолдану жөн бе?! Осыған бәріңіз қол қоясыздар ма?
Осындай ұсыныс жасап жатқан адамдар құқықтық тұрғыдан қаншалықты сауатты? Биологиялық пандемиядан соң рухани пандемия келмесін!

 

Болат Сыздық
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3494    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 23:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31