Егер молдалар құранды Аллахымның ризашылығы үшін оқыса, ақша алғанды қойса екен!
ҚҰРАН НЕ ҮШІН ОҚЫЛАДЫ?!!!
Таныс азаматтың әкесі қайтыс болып, жетісіне бардық. Молда құран оқып, Аруақтарға еске алды...
Кетер кезде молданың қолына конверт ұстатып, маған қарады. Молда кеткен соң, темекі шегіп тұр едік, әңгімесін жалғастырды.
- Әкем қайтыс болған соң, құран аяттарын білмегендіктен, молданы таң атпай үш күн зират басына апарып құран бағыштатып жүрдім. Бірінші күні бес мың ұстаттып едім,екінші күні өзі телефон шалып әкейге құран бағыштайық, - деді. Келесі жолы да бес мың ұстаттым. Үшінші күні екі мың теңге беріп едім, қоңырау шалғанын қойды... Молдаға хабарласып: -Құранды не үшін оқиды? -деген сұрақ қойдым. Ол: - Аллахымның ризашылығы үшін оқиды,- деді. Яғни, ақша үшін емес... Жаңа тағы екі мың теңгені конвертке салып бердім...
P.S. Егер молдалар құранды Аллахымның ризашылығы үшін оқыса, ақша алғанды қойса екен! Тегін оқыса да болады ғой, мешітте түсіп жатқан пітір- садақа да жетпейді ме?!!!
Бетінен майы ағып тұрған жап-жас молда екен, вагон түсіріп ақша табуға болар еді, бірақ пітір - садака артық боп тұр ғой, өкініштісі...
Советқазы Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан