Тіл - тас жарады...

Егер саған көңіл айтуға келіп, вирус жұқтырып өліп кетсе, ҰЯТ!

  • Егер саған көңіл айтуға келіп, вирус жұқтырып өліп кетсе, ҰЯТ!

    Егер саған көңіл айтуға келіп, вирус жұқтырып өліп кетсе, ҰЯТ!

Қайтыс боп жатқан адам көп. Әркімнің жақыны, ағайыны, құда-жекжаты, көршісі келмеске кетіп жатыр. (Марқұмдарды Алла алдынан жарылқасын). Сондай қаралы үйдің адамдары (ет жақыны, әулеттің бас көтерері) алдын ала ризалығын білдіріп, көңіл айтып келмей-ақ қоюды ескертсе екен. Басқаның да өзің секілді қаралы боп қалмауы үшін мұндай ескерту жасау ҰЯТ ЕМЕС. Егер саған көңіл айтуға келіп, вирус жұқтырып өліп кетсе, ҰЯТ!
Көңіл айтуды әзірге онлайн форматқа ауыстыра тұрайық. Телефонмен, әлеуметтік желімен айтыңыз. Дастарқан батасын бергіңіз келіп бара жатса, Каспиголд бар. Мысалы, құда болсаң, бір адам бас болып ақшасын жинап, тізім жасап суретке түсір де, уотсабына жібере сал. Ал мынадай жағдайда жетісі, қырқы, жүзі дегенді ел жинап өткізу ақылға қонбайды.
Жергілікті әкімдік өлім-жітім шыққан үйді қатаң бақылауда ұстауы керек. Ет жақыны болмаса, құда-жекжат, көрші, ауылдас, рулас дегенді он метр жерден кері қайтару керек. Осындай тәртіп болса, халық та "ұят болады" деп шабыла бермей, үйінде отырады. Жергілікті әкімдерге мұны да Тоқаев айту керек пе? Қарапайым логика, іскерлік, жанашырлық болса, қолдан келетін дүние ғой.
Барынша сақтанайықшы, ағайын!


Жадыра Нармаханова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30