Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екі жүзді қоғамы бар анадан қандай білім, қандай сауаттылық күтіп едің?

18 сәуір 2019, 14:18

Жұмыспен барлық тақырыпқа бойлайсың. Соңында жүрегіңнің жұлма-жұлмасы шығады.

Көз алдыңда білімнің берекесі кетіп жатыр. Оқу бітірген маманның 1,5 миллионы жұмыссыздардың қатарын арттыруда. Оқу гранттары керек емес мамандықтырға бөлінуді тоқтатпайды. Жауырды жаба тоқыған оқу орындары мемлекеттің ақшасын талан-таражға салуға ғана жұмыс істеп отыр! «Мынша маман жұмысқа орналасты» деп жалған құжат өткізетін оқу орындарының ойлағаны тек ақша! Мәселенің ең түбіііі осы артық мамандарды жемқорлықтың жолына салады!

Туризмді алайықшы. Дубай. Арыға бармай ақ, өзімнің ауылым Аралқұмнан, түйе мен құмнан ақша жасап отыр. Немесе дамыған кез-келген елді ал. Ал біз...Бурабайды арақ ішетін алаңға айналдырдық. Тоздырдық. Барымызды бағалауға тағы да күш жетпей отыр. Жүрек жоқ. Ақша басқа құлқынға құйылуда.

Бес періште өлді. Аналар алаңға шықты. Соның өзін кеңседе отырған көбіміз кекетіп отырмыз. «Біздің аналарда сауаттылық жоқ. Құр айқаймен не шешіледі?» деп, өзін ұстамды еткен ағайын, Сен қандай сауаттылықты айтып тұрсың? Үйінде үзім наны жоқ, бүгін баласының не жейтінін білмей шын қиналған анадан, өзін менсінбей қарайтын ортадан алыстаған анадан, ауру баласын апаратын жер таппай ашынған анадан, екі жүзді қоғамы бар анадан қандай білім, қандай сауаттылық күтіп едің?

Ақша көп. Оған қажеттілік жоқ. Соның кесірінен Ауыл деген жалғыз құндылығымызды қолдан құртуға жүйелі түрде, саналы түрде қадам бастық. Жер көп. Жеміс-жидек, киім-кешекпен өзімізді 100 пайыз қамти аламыз. Бірақ, бізде бәрі керісінше. Мүмкін мұнайымыз таусылғанда ғана ақша шығатын жерге жақындайтын шығармыз.

Бұлар жәй мысалдар ғана. Айта берсең сансыз...

Осы постымды оқып, «Осындай жылауық сөздердің неге керегі бар? Бала-шағаңа қара» дейтін қамқоршыларым, мені енді оқымаңдар!

Елді ойлайды, қазақты жақсы көреді деген замандастарым, көзі қарақтыларым, ақылдыларым, басқа елге кетуді, түбі сонда тұруды ойласаңдар, жолдарың болсын! Осы былықтан көзің тазарғанмен, миың сүзілмейді. Ұлтыңды шын ойласаң жүрегің қай түкпірде де шаншиды. Егер шаншымаса, онда саған өкпе жоқ! Отаныңа да керек емессің.

Бірі сыртқа, бірі ішке, бірі күшке, бірі күлкігі, бірі түрпіге тартқан қоғамым ай. Бірақ іске емес.

Аталарымыз айтқан қай мақалдың да мағынасЫ жоқ. Жоқ, кезінде болды. Қазір ғой жоғы. Өйткені соған келдік, міне. Бұрын бүркеген жерден бүрге шығады деп қорқатын ба едік, қазір ол жерден бүрге де, сірке де шықпайды. Қабатталған күйі құрттап кеткен!

Иә, мен сонда да елімді тастап ешқайда кетпеймін!

Гүлжан Рахман
Фейсбуктегі парақшасынан