Тіл - тас жарады...

Ел тағдыры таразыға түскен сəтте ойын емес, шынайы көрініс керек!

  • Ел тағдыры таразыға түскен сəтте ойын емес, шынайы көрініс керек!

    Ел тағдыры таразыға түскен сəтте ойын емес, шынайы көрініс керек!

ДЕБАТ


Президенттікке үміткер дебатқа не үшін шығады? Ең алдымен халыққа өзінің кім екенін таныту үшін шығады. Жоспарың - екінші планда. Жоспар құру оңай. Ал оны жүзеге асыру үшін өрелі де өрісті Тұлға болу керек екенімен келісесіз бе? Ендеше жұртқа өзіңізді өзіңізден артық кім таныта алады деп ойлайсыз?

Саясатта ойын ұйымдастыруға болар. Бірақ ел тағдыры таразыға түскен сəтте ойын емес, шынайы көрініс керек! Ел басқаратын адам түгіл тауарды да таңдағанда мың аударып-төңкереді.

Көш бастайтын тұлғаның көсемдігі мен шешендігінің, білім-парасатының, ұтқырлығы мен тапқырлығының, халыққа деген пиғыл-ниетінің байқалар жері - осы дебат. Өлшеулі уақытта тығырыққа тіреліп, аузына сөз түспей тыпырлап қала ма, аттың жалында, түйенің қомында қиыннан қиыстырып жол тауып кете ме, сабыры сынға түскен сəтте төзімі талқан болып, жігері құм бола ма, бəрі осы арада айқындалады. Содан кейін барып жұрт таңдауын жасайды.

Ел басқару ісіндегі небір ауыр сындармен арпалысатын қан-құйлы жауапкершілікті былай қойғанда, айналдырған 7 адамның арасындағы сөзжарыстың қарапайым ғана талаптарынан шыға алмай, орныңызға нөкеріңізді жіберсеңіз, екі ауыз айтар сөзіңізді қағаздан оқып ежіктеп тұрсаңыз, көтере алмайтын шоқпарды беліңізге байлап əуреге түспей-ақ қойсаңыз болмас па?

Дебат тəжірибе жинайтын орын емес. Нағыз дебатқа шамасы жеткен шығады.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қайран қазағым-ай!..


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1348    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30